Жаңалықтар

Егіс егу науқаны басталды

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Егін алқабына дайындық» тақырыбында брифинг өтті.

Биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын 722,3 мың га алқапқа егу жоспарланып отыр. Дәнді дақылдар — 375,0 мың га, майлы дақылдар — 85,2 мың га, мал азығы дақылдары — 250,0 мың га, картоп 6,4 мың га және көкөніс бақша дақылдары 5,7 мың га жерге егілмек. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов айтып берді.

Бүгінгі күнге 200,7 мың гектар алқапқа ылғал жабу, 13,1 мың гектар алқапқа себу алдындағы өңдеу, 3,1 мың гектаржерге көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізілді.Сонымен бірге жаздық дәнді, майлы және мал азығы дақылдарын егу жұмыстары басталып жатыр. Қазіргі таңда 6,5 мың гектар жерге дақылдар егілді. Облыс көлемінде көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 1,5 мың трактор, 112 егіс кешенін, 1,4 мың тұқым сепкіш пен жер өңдейтін 1,4 мың техниканы жұмылдыру жоспарланып отыр. Көктемгі далалық жұмыстарға ауыл шаруашылығы техникаларының 97 пайызы дайын, — деді Исатай Еспағанбетов.

Облыс бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 9,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Шаруашылықтарға дизель отынын жіберуші оператор —  «Батыс Жер» ЖШС. Шаруашылықтарға жіберілетін дизель отынының бір литрі — 184 теңге, бұл нарықтағы бағадан 58-60 теңгеге немесе 25 пайызға арзан. Исатай Еспағанбетовтің айтуынша, бүгінгі күнге 3,7 мың тонна дизель алуға шарт жасалып, 2,5 мың тоннасы тасып алынды. Дизель отынын тасып алу жұмыстары жалғасуда.Бөлінген дизель отыны көлемі көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуді толықтай қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алып жатыр. Бүгінгі күнге облыс бойынша 2,3 мың тонна минералды тыңайтқыш және 264,2 мың литр гербицид сатып алуға келісімшарттар («ҚазАзот» ЖШС, «ҚазФосфат» ЖШС, т.б.) жасалды.

Басқарма басшысы биыл ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығына 1,3 млрдтеңге қаражат бөлінгенін айтты. Сондай-ақ олбиылдан бастап шаруашылықтарды жемшөп өндіруге көшуге ынталандыру үшін мал азығы дақылдарының элиталық тұқымдарына егіс алаңының 15 пайыздан 30 пайызға дейін, бірінші репродукция тұқымдарына егіс алаңының 20 пайыздан 40 пайызға дейінсубсидиялауды арттыру қарастырылып жатқанын айтты. Қаржыландыру жоспарына сәйкес мамыр айынан бастап субсидия төлеу жұмыстары жүргізілетін болады.Аграрлық несие корпорациясының көктемгі далалық жұмыстарды жүргізуге «Кең дала» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 2,1 млрд теңге несие берілді, 113,4 млнтеңгенің өтінімдері мақұлданды және құны 1,1 млрд теңге болатын өтінімдер қарастырылып жатыр.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button