Жаңалықтар

Көптің тілегі қараусыз қалмайды

Кеше Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров пен Алматы ауданы әкімі Абат Көбеновтің халықпен тұрақты кездесуі өтті. Жиын Ақжар тұрғын алабындағы №70 мектепте ұйымдастырылды.

Алдымен Алматы ауданы әкімі баяндама жасады. Былтыр «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Ақжар-2 тұрғын алабында орналасқан саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жоба құны —  7899,9 мың теңге. Мердігер мекеме — «Stan Tec» ЖШС.

Жұмыс қорытындысында бірқатар кемшілік анықталды. Сыннан қорытынды шыққан жоқ, олқылықтар түзетілмегеніне байланысты жұмыс құжаттары сотқа жолданды, — деді А.Көбенов.

Қазір Кірпішті көпірінен Қарғалы тұрғын алабына дейінгі автокөлік жолына қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 10 шақырым жолдың сметалық құны — 4 млрд 600 миллион теңге. Бұл жұмысқа «Агрофирма» Коквест» ЖШС жауапты.

Былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Кірпішті тұрғын алабындағы «Шаңырақ бесігі» саябағы абаттандырылды.

Жиынбарысында Алматы ауданыныңәкімібиылатқарылатынжұмыстартуралы да айтты. Ақжар плюс тұрғыналабын газбенқамтужұмыстарыжүргізіліпжатыр. Мердігер мекеме— «Теплоэнергострой» ЖШС. Жобаның сметалық құны— 161 718, 0 мыңтеңге.Ақжар-1 тұрғын алабында балаларға арналған ойын алаңы және  воркаут алаңын салу жоспарланып отыр. 1 мамырдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Кірпішті тұрғын алабының 16 «К» үйінің ауласын жарықтандыру жұмыстары басталды. Ақжар-2 тұрғын алабындағы бірқатар учаскеге газ және электр желілерін тарту үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленген. Сондай-ақ Сарбаз тұрғын алабын элект ржелісімен қамту мақсатында жұмыстар жасалып жатыр.

Тұрғындар тарапынан «Халық қатысатын бюджет»жобасы аясында Ақжар-2 тұрғын алабында саябақты абаттандыру бойынша жоба ұсынылды. Сондай-ақ Кірпіштінің тұрғындары балалар ойын алаңын салуды сұрап отыр. Ұсынылған жобалар алдағы уақытта іске асырылатын болады, — деді Абат Көбенов.

Айта кету керек, су тасқыны салдарынан Алматы ауданында 36 тұрғын үй зардап шеккені анықталды. Қазір мобильді топтар осыған қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Басқосу барысында тұрғындар көптеген мәселе көтерді. Олар мектептердегі орын жетіспеушілігін, жол сапасының сын көтермейтінін, заман талабына сай емхана, Мәдениет үйі, денешынықтыру-сауықтыру кешені, оқушылар үшін қосымша үйірмелер қажеттігін, жаңадан салынған ойын алаңындағы әткеншектер материалдарының сапасы нашар болғандықтан істен шыққанын айтты. Сондай-ақ тұрғындар қаңғыбас иттер мәселесін, қоғамдық көліктердің ерте тоқтап қалатынын, «Табыс» коммуналдық дүкендеріндегі тұрақтандыру қорының сөрелері үнемі бос тұратынын,  жеңілдікпен берілетін әлеуметтік азық-түліктің көп жағдайда болмайтынын, т.б. мәселелерді көтерді.

Бір-біріне жақын орналасқан Ақжар-1, Ақжар-2, Ақжар плюс, Кірпішті тұрғын алаптарында және Сарбаз бау-бақша ұжымында халық саны жыл сайын көбейіп келеді. Сол себепті мұнда заман талабына сай емхана салу қажет. Мұндағы амбулатория дәрігерлері кейде бізді 12-шағын аудандағы емханаға жібереді. Науқас адамның қалаға қатынауына денсаулығы жарамайды. Бұл — бір.

Екіншіден, Ақжар плюс тұрғын алабындағы халық электр қуаты үшін артық төлем жасап отыр. Олар электр қуатына сағатына 15 теңгеден төлеуде (біз 10 теңгеден төлеп жатырмыз).

Үшіншіден, Ақжар-2 тұрғын алабында «Табыс» коммуналдық дүкеніндегі әлеуметтік азық-түліктерге арналған сөре бос тұрады. Мұнда тұрақтандыру қорының арнайы бұрышы бар. Осы дүкенге жиі барамын. Қанша барсам да, жеңілдікпен берілетін әлеуметтік азық-түлік таппайсың. Күні кеше барғанымда 5-6 келі күріш жатыр. Сосын келісі 95 теңге тұратын картоп тұр. Аты ғана картоп демесеңіз, жеуге жарамсыз екені көрініп тұр. Оны адам түгілі, мал да жемейді. «Табыс» коммуналдық дүкендеріне әкелінетін әлеуметтік азық-түлікті бақылау үшін халыққа мүмкіндік берсеңіздер, — деді ауыл тұрғыны Сартбай Мырзағалиев.

Тұрғындар көтерген тағы бір мәселе — №45 мектептегі орын тапшылығы. Аталған білім шаңырағының сыйымдылығы — 150 орын, дегенмен онда 508 бала оқып жатыр екен. Сондай-ақ мектепалды даярлық топтарына 50 бала барып жүр.

Қосымша сабақтар мектептің жертөлесінде өткізілуде, басқа мүмкіндік жоқ. Осы жағдайды ескеріп, мектеп жанындағы бос жерге қосымша оқу ғимараты салынса деген өтінішіміз бар, — деп ауыл тұрғыны Жақсылық Айжанов ата-аналар қол қойған хатты аудан әкіміне тапсырды.

Қаңғыбас ит мәселесі өзекті болып отыр. Елімізде қаңғыбас иттерді паналататын орталықтар салынып, иттерге қамқорлық көрсетіледі екен. Бұл үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінбек. Неге? Алдымен жақсылық адамға жасалуы керек. Дүниеге келген нәрестенің күтімі үшін қаржы бөлінуі тиіс. Ал біз итті үбектеуге көштік. Осында да қаңғыбас иттер толып жүр. Адам өміріне қауіп төндіруде. Сол себепті иесіз иттерді ату керек, — дейді Ақжар плюс ауылының тұрғыны Ж.Қартбаев.

Жиынды Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров түйіндеді:

Тұрғын алаптарындағы мәселелер рет-ретімен шешіліп келе жатыр. Халықтың игілігі үшін біраз жұмыс жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғаса береді. Мәселені шешуге билік мүдделі. Кездесуде көтерілген сұрақтар бойынша мәселелер зерттеліп, бақылауға алынады. Жол — күрделі мәселе. Бір күнде аяқталатын жұмыс емес. Жол салудың өзіндік технологиясы бар. Бұл ұзақ уақыт алады. Қазір Кірпішті көпірінен Қарғалы тұрғын алабына дейінгі автокөлік жолына қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4 жолақты жол салынады. Есет батыр тұрғын алабында үлкен қосымша білім беру орталығы ашылады. Қазір Ақжар-2 тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді Асхат Шахаров.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button