Жаңалықтар

Бозойдағы өнер байқауы

Бозой ауылындағы «Арай» мәдениет үйі мен ауылдық орталық кітапхана Балалар жылына орай 6-13 жас аралығындағы оқушылар арасында «Жұлдыз Star» өнер байқауын ұйымдастырды.

Балалар асыға  күткен кештің шымылдығын мәдениетүйіжанынан  құрылған «Ақ шағала» би тобының кішкентай бишілері «домбыра» биімен ашты.

Балапандар ән, би және күй жанры бойынша жоғары деңгейде  өнер көрсетті. Төрешілерге өнері бірінен-бірі асып түсетін жас өнерпаздарға баға беру оңайға соқпады.

Ән жанры бойынша өнер көрсеткен Аяжан Шайхысламова мен Раяна Нұрлыбайүздік шықса, би жанры бойынша Інжу Бағым мен Айсана Жанат оза шапты. Домбыра тартуды әдетіне айналдырып, ата-баба өнерін  ұлықтап жүрген Санжар Арышов күй жанры бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар барлық қатысушылар бағалы сыйлықпен, Алғыс хаттармен марапатталды.

 Салтанат ОРАЗАЛИЕВА,

Шалқар ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button