Жаңалықтар

Жас домбырашылар жеңісі

Ақтөбе қаласындағы №71 орта мектептің оқушыларынан құрылған «Жас Толқын» домбырашылар ансамблі Сарыағаш қаласында өткен республикалық «Дала сазы» байқауының «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша І орынға ие болды.

Мектепте балаларға домбыра үйретіп, жас дарындардың шеберлігін шыңдауға қосқан үлесі үшін Зәуре Досқабұлова Алғыс хатпен және «Үздік жетекші» төсбелгісімен марапатталды. Енді «Жас Толқын» ансамблі биыл мамыр айында өтетін халықаралық «Біз бақытты баламыз» байқауында бақ сынайтын болады. Сондай-ақ байқауға қатысып, жүлделі орындар алған басқа оқушыларымызға да Түркия елінде өтетін халықаралық «Deniz Sesi» байқауына сертификат табысталып, жолдама берілді.

Облыс абыройын асқақтатып келген оқушылар қазір алдағы өнер додаларына даярлыққа кірісті.

Әлия АККУЗОВА,  

№71 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

 Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button