«Ақтөбенің» шебер оқырманы»Байқау

Бисерден әшекей жасаймын

Мен Ақтөбе қаласындағы №31 қазақ орта мектебінің оқушысымын. Сабақтан тыс уақытта бисерден әшекей бұйымдар жасаумен айналысамын.

Сондай-ақ ермексаздан түрлі мүсіндер жасап, қағаздан ашық хаттар жасаймын. Қазір ғаламтордағы «YouTube» желісінен видеоларды қарап,

әшекей бұйымдар жасаудың түрлі жолдарын үйреніп жүрмін. Менің жұмыс үстелімде арнайы жәшігім бар. Онда түрлі-түсті бисерлер, моншақтар мен әшекей тастар, ине-жіп, қысқыш құралдар салынған. Әжем маған сүйікті хоббиім үшін барлық қажетті заттарымды алып береді. Ал апам менің жасаған әшекей бұйымдарымды көрме-жәрмеңкелерге шығарып жүр. Ата-анам да мені үнемі қолдап отырады. Сондықтан достарымды бос уақытын тиімді пайдаланып, сүйікті ісімен айналысуға шақырамын.

Қыз Жібек МЫРЗАЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button