Хабарландыру

AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес (бұдан әрі-Кеңес) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, сіздер үшін «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбымен үш конкурс жариялайды:
1. Үздік сурет/плакат;
2. Үздік қысқаша мотивациялық бейне;
3. Үздік мақала және үздік журналистік зерттеу.
Конкурс мақсаттары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтарды тарту және қазіргі заманғы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына олардың назарын аудару болып табылады.
«Үздік сурет/плакат» және «Үздік қысқаша мотивациялық бейне» конкурстарына барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және т.б.), ал «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» бағыты бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады.
Байқауларға қатысу үшін өтінім толтыру керек. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «AMANAT»партиясының Ақтөбе облыстық филиалына(Тургенева, 86) немесе төмендегі электрондық поштаға жіберіледі: amanat_aqtobe@mail.ru. Егер қосымша сұрақтар туындаса 8(7132)54-93-45 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Республикалық кезеңіне өткен үш үміткердің жұмыстары қорытынды кезеңге қатысу үшін партияның орталық аппаратына жіберіледі.
Әр конкурста жеңіске жеткендер үшін ақшалай сыйақы қарастырылған:
бірінші орын үшін – 300 000 теңге; екінші орын үшін – 200 000 теңге; үшінші орын үшін – 150 000 теңге.
Конкурс ережесімен толығырақ amanatpartiasy.kz сайтынан таныса аласыз.



