«Ақтөбенің» шебер оқырманы»Байқау

Тоқыма тоқу — ерекше өнер

Ақтөбе қаласындағы №71 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. Бос уақытымда тоқыма тоқумен айналысамын. Бұл —  бала күнімнен бергі сүйікті ісім. Ұршықпен жүн иіріп, түрлі бұйымдар тоқимын. Тоқыма тоқу — анамнан дарыған өнер. Қолыма ілмек  алып тоқи бастасам, жұмысты аяқтағанша асығамын. Атакәсіптің бұл түрі жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады.  Себебі тоқыма тоқу барысында бар ойың осы жұмысыңды сапалы жасау болғандықтан, басқа ойдан толық арылып, шығармашылыққа толық ден қоясың. Екінші жағынан, өзің жасаған бұйым көптің көңілінен шығып жатса, ол да керемет емес пе!? Сатып алушылардың кейін тағы тапсырыс беріп жататындары да бар. Өз қолыңмен жасалған дүние қашанда жоғары бағаланады. Қазір үйге киетін аяқкиімдер тоқып жатырмын. Меніңше, әр адам бос уақытын пайдалы іске жұмсағаны жөн. Алдағы уақытта жастарды осы өнерге баулитын үйірме ашқым келеді.

Мектепте мұғалім болғандықтан, елімізде шығатын мерзімді басылымдарға тұрақты жаздырып, алып тұрамыз. Соның ішінде «Ақтөбе» газетінің орны бөлек. Сүйікті газетімізден тек білім саласына ғана емес, басқа да тақырыптардағы мақалаларды сүйіп оқимыз.

Гаухар ӨТЕГЕНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button