Жаңалықтар

Проактивті қызмет — тиімді тәсіл

Мемлекеттік қызметтің кейбір түрі проактивті әдіс арқылы көрсетіледі. Ал проактивті қызметте sms-хабарлама жіберу жүргізіледі. Яғни, бұл — қызмет көрсетушінің бастамасымен қызмет алушының ұялы телефоны арқылы берген келісімінен соң көрсетілетін қызмет түрі.
Бүгінде Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі проактивті тәсілмен мынадай қызметтерді көрсете алады: жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметін қамтамасыз етуге, мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу; мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен, жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен, есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу.
Ақпараттық жүйе смс-хабарламаны қайда жіберетінін білуі үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет. Мобильді азаматтар базасында тіркелсеңіз, Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта смартфоныңызға келіп түскен смс-хабарламаға жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберу арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу мүмкіндігіне ие боласыз. Проактивті әдістің тиімділігі де осында.
Аталған әдіспен мемлекеттік қызмет алудың үлгісі мынадай: мәселен, өтініш берушіге «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметін алу қажет.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №44 бұйрығына сәйкес, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну жөніндегі іс-шараларды қамтитын Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілген. Сондықтан Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы автоматты түрде «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне беріледі де, мүгедектің немесе оның заңды өкілінің абоненттік нөміріне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу жөнінде смс-хабарлама жіберіледі. Ал қызмет алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін беретінін немесе бас тартатынын растайды. Содан кейін ғана қызмет алушыға осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Проактивті қызмет арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн рәсімдеуге келісім алған күн болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы смс-хабарлама жолданады.
Проактивті қызмет арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде мемлекеттік қызметтер стандартының 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салулар «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен автоматты түрде жүзеге асырылады.
Проактивті қызмет ұялы байланыс нөмірін мобильді азаматтар базасында тіркеген адамға ғана көрсетілетінін ескертеміз.

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button