«Ақтөбенің» шебер оқырманы»Байқау

Өнерге ғашық жүрегім

Мен Байғанин ауданындағы Қарауылкелді орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. Еліміздің болашағы саналатын бүгінгі жас ұрпаққа білім беріп, ұстаздық жолда адал қызмет етуді алдыма мақсат етіп қойдым. 

Бүгінде өз мамандығымды өнермен ұштастырып жүрген жас мамандардың бірімін. Мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене араласа жүріп, ән айтуға деген қызығушылығым оянды. Аудандық, облыстық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Би билеп, мәнерлеп көркем сөз оқығанды да жаным сүйеді. Сондай-ақ бос уақытымда атқа мінемін, асүйде түрлі тағамдар пісіремін. Мұның барлығы сүйікті хоббиіме айналды.

Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі — уақыт. Сондықтан әр күнімізді тиімді пайдаланып, жаңа нәрсе үйренуден жалықпауымыз керек.

«Ақтөбе» газетінің тұрақты оқырманымын. Әсіресе, газеттің бейсенбілік санын асыға күтемін. Онда түрлі танымдық, тарихи мақалалар жарық көреді. Ал өз ауданымыздың жағымды жаңалықтары, ауылдастарымның жетістіктері туралы мақалалар шығып жатса,  қуанып қаламыз. Сондай-ақ өзім мұғалім болғандықтан білім саласына қатысты жаңалықтардан хабардар болып отырамын.

Зарина НҰРЛАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button