65 дін қайраткерінің дерегі қамтылды
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Руханият» танымдық-патриоттық клубының жетекшісі, өлкетанушы Жібек Абдуллинаның «Руханият әлемі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
«Руханият» көрме залында өткенрәсімге музей қызметкерлері мен ХХ ғасыр басындағы діни қайраткерлердің ұрпақтары қатысты.
Бұл —өңірдің киелі орындары, оның ішінде мешіттер мен қорымдаржәне ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегі аралығындаоблыс аумағында рухани-ағартушылық қызмет жасаған діни қайраткерлертуралы зерттеу жұмыстарының,облыстық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған«Аманат» экспедициясы жүргізген зерттеулердің негізінде жазылған еңбек.Кітап аталмыш музейдің қолдауымен шығарылып отыр.
Рәсімде облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали, облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, т.б. сөз сөйлеп, Жібек Османғалиқызының өлкеміздегі діни қайраткерлерді зерттеу жолындағы еңбегін атап өтті.
Музейдің бөлім меңгерушісі Қыдырғали Ермұқанның айтуынша, кітапта Ақтөбе өңірінде өмір сүрген 65 дін өкілі және 13 мешіт туралы деректерқамтылған. Олардың арасында Қазақай ахун, Досжан ишан Қашақұлы, Ешнияз ишан Пұсырманұлы, т.б. дін өкілдері бар.
Шара аясында қатысушыларға«Аманатқа адалдық» бейнефильміжәне«Аманат» экспедициясының материалдарынан жасақталған фотокөрме ұсынылды.
Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің
бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері.