Уылдырық шашу кезеңінде балық аулағандар жазаланады

«Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығының 19-тармағы 3-тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының су айдындарында:
— шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балықты 10 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
— сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табанды 10 мамырдан 5 маусымды алғандағы аралықта;
— шаянды 1 ақпаннан 5 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салынған.
«Уылдырық шашу-2022» балық қорғау акциясын өткізу кезеңінде Ақтөбе облысының аумағында инспекцияның, құқық қорғау органдары және табиғат қорғау ұйымдарының қатысуымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулауды, өткізуді, сатып алу мен тасымалдауды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Тұрғындардан балық қорғау заңнамасының талаптарын сақтау және балықты рұқсат етілген мерзімде, рұқсат етілген орындарда аулау сұралады.
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін еске салады.



