Жаңалықтар

Әке — бала қорғаны, отбасы тірегі

Отбасы ағаш іспетті. Әке — діңі, ана — тамыры, ал бұталар — балалары. Тамыр мен діңгексіз бұталар да болмайды. Ал ағашымыз дұрыс нәр жинамаса, бұталар шашырап өседі. Осы тұрғыдан келсек, отбасыға тәрбиенің маңыздылығы үлкен рөл атқарады.

Тәрбиенің бастауы, негізгі қайнар көзі — отбасы. Сол отбасы деген шағын мемлекеттің тірегі, балаларының қорғаны — әке.Бұл орайда өз отбасым үшін көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, маған қарап өсетін нысанасымын. Сондықтан отбасының береке-бірлігі, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы өте маңызды. Осы жерде«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деген қанатты сөз ойыма оралады. Әрине, қазақ халқы ертеден-ақ ер баланы елдің болашақ батыры, отбасы қорғаны деп қашанда жоғары қойған. Отбасында әкені «отағасы» деп бағалап, әрқашан құрметтеген. Ал анасы — отбасымның ұйытқысы, балаларымның жылуы, шуағы. Ұл-қызымызға әке мен ананың махаббатын, ізгі қасиеттерін дарытып, қамқорлығымызды көрсету арқылыоларды ақылды, ұстамды, көргенді етіп тәрбиелеу — ертеңімді ойлаған маңызды қадамым.

БалаларымАқтөбе қаласының Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта  мектебінде білім алады. Отбасынан алған тәлім-тәрбие, білім ошағынан сусындаған өмірлік ілімі — балаларымның иманды ұрпақ, саналы, еңбексүйгіш, білімді болып қалыптасуына негіз. Мектебімізде отбасы құндылықтарын насихаттау, әке мен ер-азамат ұғымының мәнін ұғындыру мақсатында тәлімі терең, тәрбиелік мәні жоғары түрлі іс-шаралар өтіп тұрады.

Ойымды жүйелесем, әкелер, яғни біздер — отбасы қорғанымыз, тірегіміз.Болашақ ұрпағымыз дұрыс болсын десек, әрдайым басқан қадамымызды нық, арман-мақсатымызды анық ете білуіміз қажет.

Думан МЕРҒАЛИЕВ,

Ақтөбе қаласы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button