Нұр Ақтөбе енді Есет батыр деп аталады

Өткен жылдың соңында Ақтөбедегі бірқатар атауы жоқ көшеге, кейбір тұрғын үй алаптары мен шағын аудандарға ресми түрде жаңа атау берілді. Мәселен, Нұр Ақтөбе шағын ауданы енді Есет батыр деп аталатын болды.
Былтыр 18 наурызда Ақтөбе қаласының әкімдігі халық арасында тек қана ауызекі түрде айтылып, бірақ заңды тіркелмеген, құжат рәсімдеу барысында тұрғындарға қиындық тудырып келе жатқанбірқатар атауы жоқ көшелер мен кейбір тұрғын үй алаптарын, шағын аудандарды қайта атау туралыұсыныстарды облыстық тілдерді дамыту басқармасынажіберген.Атап айтсақ, Алматы, Астана аудандарында орналасқан Сельмаш, Ясное, Заречный, Батыс, Нұр Ақтөбе, Жаңақоныс, Ақжар, Ақшат, Саяжай тұрғын үй алаптары мен шағын аудандарға атау беруді және Алматы ауданындағы Қарғалы тұрғын үй алабындағы Набережный, Интернациональный, Центральный, Кеңес Нокин тұрғын үй алабындағы Набережный, Миркөшелері атауы қаламызда қайталанып тұрғандықтан,қайта атау қажеттігін ұсынды. Бұл туралы «Ақтөбе» газетінде былтыр наурызда жазылған болатын.
Жаңа атауларға қатысты біз облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Медет Ысқақовтансұраған едік.
— Аталған ұсыныстар былтыр 26 наурыздақолданыстағы заңнама талаптарына сәйкесҮкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясына жіберілді. 23 сәуірде оң қорытындыкелді.Былтыр 1 мамыр-1 қараша аралығында елімізде өткен Ұлттық санаққа байланысты атау беру мәселесі уақытша тоқтатылды. Санақ мерзімі аяқталған соң, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына жоғарыда көрсетілген атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар енгізілді. Сөйтіп, өткен жылдың желтоқсан айында облыс әкімдігінің бірлескен №415 қаулысы мен облыстық мәслихаттың №106 шешімімен, Астана ауданындағы ұзындығы бір жарым шақырымболатын атауы жоқ көшеел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Желтоқсан батырлары», тағы басқа атаусыз көшелер Аягөз, Айнакөл, Ақойман, Қорғанжардеп аталды. Атаулары ауызекі тұрғыда айтылып жүрген Батыс-3 шағын ауданы— Ұлы дала, Нұр Ақтөбе шағын ауданы — Есет батыр болып өзгертілді. Тарихтан білетініміздей, Есет Көкіұлы — жоңғарларға қарсы күресте есімі елге танылған қазақ батыры. Алайда республикалық ономастика комиссиясы бекіткен «Тарихи тұлғалар» тізіміне Есет Көкіұлы емес, Есет батыр болып енгендіктен, Нұр Ақтөбе шағын ауданы Есет батыр аталып отыр. Сондай-ақ Сельмаш, Сельмаш-1тұрғын үй алабы — Самал, Бауырластар-4 тұрғын үй алабы— Таңшолпан, Заречный-1— Көктем, Заречный-2— Балауса, Заречный-3 — Жібек жолы, Ясное— Жарық, Саяжай, Саяжай-1,2 тұрғын үй алаптары — Саяжай болып өзгертілді. Ал Жаңақоныс-2, Ақшат-2, Ақжар-2, Қанағателдімекендеріқалай аталып жүр, солай бекітілді, — дейді Медет Ысқақов.Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша,Алматы ауданындағы атаулары қайталанып тұрған Қарғалы тұрғын үй алабындағы Набережный көшесі — әнші-сазгер, ақын Жаяу Мұса, Центральный көшесі — қоғам қайраткері, этнограф, ағартушы Мұхамед-Салық Бабажанов, Кеңес Нокин тұрғын үй алабындағы Набережный көшесі — айтыскер ақын, жырау Мұрат Мөңкеұлы, Мир көшесі — ақын, жырау, батыр Қабылиса жырау есімдерімен қайта аталды.
Жаңа атаулар ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген және Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су» атаулары тізімінен алыныпты. Бұл атаулардың барлығы дажиналысқа қатысқан қала тұрғындарының таңдауымен ұсынылған.
Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.



