Жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу Қазақстан Респубикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінен босатылды», — деп хабарлады ҚР Президенті баспасөз қызметі.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. 1998-1999 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референті.

1999-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі. 2003-2006 жылдары — ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің 2-ші хатшысы. 2007 жылы — ҚР Сыртқы істер министрі Хатшылығының басшысы, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары. 2007-2011 жылдары — Сенат аппараты басшысы. 2011 жылы — ҚР Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, ҚР СІМ Азия және Африка Департаментініңдиректоры. 2011-2014 жылдары — Женевадағы ҚРӨӨ (Швейцариялық Конфедерация) кеңесші-елшісі. 2014-2016  жылдары — ҚР Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат Орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Эстониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2019-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2021 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button