Әлеумет

Елбасы Жолдауы: меже мен міндет

Жайлау малға толады

Елбасының халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын көтеруге қатысты біраз мәселелер қамтылды. Бұл өте құптарлық жайт.  Біз тұрып жатқан  Темір ауданына қарасты  Кеңестуы селолық округінде 1600-ден астам тұрғының 117-сі — зейнеткер. Округте 3 мектеп, 1 балабақша, дәрігерлік амбулатория мен 2 фельдшерлік  пункт жұмыс жасайды. Өткен жылы округке қарасты Қопа селосында 150 орындық клуб пайдалануға берілді. Елді мекендердің көшелері жарықтандырылды.

Біздің ауылда  зейнеткерлерге ерекше қолдау көрсетіледі. Түрлі мейрамдар мен мерекелік шараларда зейнеткерлер назардан тыс қалмайды. Коммуналдық төлемдерді төлеуде де жеңілдіктер қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, мұның барлығы Жолдау аясында  жасалып отырған шаралар.

Елбасы Жолдауында ауыл шаруашылығындағы еңбек­тің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есеге, ал 2020 жылға қарай 4 есеге өседі делінген. Аграрлық секторда етті мал ша­руашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта  несие беріледі екен. Бұл да ауылдың гүлденуі үшін жасалып жатқан жаксылық.

Бұл ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашуға, малдың барлық түрінің  санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Кәкім ӨТЕУОВ,

Кеңестуы селолық округінің

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Темір ауданы.

***

Басты байлық — халықтың денсаулығы

Елбасымыздың биылғы Жолдауы Карғалы орталық аудандық ауруханасының ұжымын  көптеген жақсы жаңалықтардан  құлағдар етті. Биыл біздің жалақымыз тағы да  отыз пайызға өспек. Дәрігерлердің де, аудандық ауруханалардың да жағдайы жақсарып келеді. Ауданымыздың орталық ауруханасы Бадамша ауылында орналасқан. Ал ауылдардың барлығы дерлік  дәрігерлік-  амбулаториялар мен медициналық пункттермен қамтылған. Былтыр республикалық «Ең үздік ауыл дәрігері» байқауында Қарағалы орталық ауруханасының оташы дәрігері жеңімпаз атанды. Бұл да аудандағы  денсаулық саласының дамығандығын аңғартады.

Емханамыз күрделі жөндеуден өтті. Биылғы Жолдауда елімізде тағы да  350  дәрігерлік-амбулатория, медициналық пункттер мен емханалар  салынатыны айтылды.  Біздің ауданда бұл жұмыс басталып та кеткен болатын.

Биыл Ақжайықта медициналық  пункт, Қосестекте  дәрігерлік амбулатория салынады. Степной ауылындағы  дәрігерлік-амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.

Елбасы Жолдауындағы халықтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты міндеттердің орындалатындығына толық сеніп отырмыз.

Игілік ҚОНАҚБАЕВ,

Қарғалы аудандық орталық ауруханасы

бас дәрігерінің орынбасары.

***

Бірлесіп көтерер жүк

Елбасының 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы дағдарыстан кейінгі   кезеңдегі  жұмысқа  нақты бағдар беріп,  жұмылдырушы  қуатты күшке ие болып отыр.  Жолдау  жүктеген  міндеттерді  табысты жүзеге асыру үшін біз барлық    білімімізді, тәжірибемізді, ерік-жігерімізді   салуымыз  керек. Елбасының алдағы  онжылдыққа     қойған  міндеттері  — нақты экономикалық дамудың жоғарғы шарттары деп есептеймін. Еліміздің өрлеуі үшін  — дамушы елдермен иық тірестіре алатын білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.  Осы орайда педагог қауымының  аянып қалған кезі болған емес. Олардың да еңбегін ескерерлік жағдайлар қарастырылған.  Оған бюджет қызметкерлері мен студент жастарға жалақы және шәкіртақының өсуі, жыл соңында нәтиже көрсеткіштеріне сай облыстық білім гранттарының тағайындалуы дәлел бола алады.

Іргесі мығым, тұтқасы берік  қазақ елін  кемелінен аса көрсету жолында жас ұрпақтың  жаңа заманға сай технологиямен білім алу мүмкіндігі  зор жетістіктерге жетелейді. Жыл сайынғы стратегиялық маңызы зор Жолдау басымдылықтары қазақ елінің қарыштап даму жолын нақты айғақтап, әрі жыл сайын жаңартып келеді.

Дамушы елдің іргесін бірге қалауға және Жолдауды жүзеге асыруға мемлекетті мекен еткен барша ұлт өкілдері жұмылуы қажет. Осы жолда өзімді жас ұрпақтың білімі, тәлім-тәрбиесі үшін бейжай қарамайтын, болашақта да  жалықпай еңбек ететін  азаматшасымын деп білемін.  Және «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, өзге ұстаздар қауымын да біріге, аянбай қызмет етіп, келешекке нық қадам жасауға шақырамын.

Шарипа МҰҚАНОВА,

Қобда гимназиясы  қазақ тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

***

Сапалы білім алуға мүмкіндік  береді

Елбасының халыққа жолдаған биылғы Жолдауы ерекше.  Онда көтерілген денсаулық сақтау, білім беру, спорт мәселелері өте орынды. Бүгінгі таңда бұл үш мәселені жүйелі жолға қоятын кез келді.

Елбасы Жолдауында білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін қолдау көрсетудің жаңа қаржы­лық-экономикалық құралдарын енгізу жайында айтты. Бұл — өте дұрыс шешім.

Ол Үкіметке техникалық және жоғары білім алудың жаңа әдісін енгізуді тапсырды. Ол үшін бүгінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу керектігі айтылды. Бұл жүйе

қазақстандықтарға  мемлекеттен пай­ыз­дық бонустар ала отырып, бала­ларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктерін беруі тиіс.

Қазіргі күні өзі қалаған мамандығы бойынша білім ала алмай жүрген жастарға бұл жақсы қолдау болар еді. Бүгінде біздің ауданда да білім беру сапасы жақсарып келеді. Оны  ауданымыздың мектеп бітірген түлектерінің жоғарғы оқу орнына сүрінбей түсіп жатқандығынан аңғаруға болады.

Жалпы  халықтың жағдайы жақсы. Мұның бәрі Елбасының жүргізіп отырған саясатының арқасы деп білемін.

Менің ойымша, Қазақстанды ел қылып, дамыған елдермен иық  тірестіріп, өзінің сарабдал саясатымен, көрегендігімен көш бастап келе жатқан Елбасы осы істі әрі қарай жалғастырғаны жөн. Біз  оны әрқашан қолдаймыз.

Әлім АХМЕТОВ,

Мұғалжар аудандық мұрағат

бөлімінің меңгерушісі.

***

Кәсіпкерге қолдау бар

Қазір елімізде шағын және  орта бизнесті дамыту, оған жан-жақты қолдау көрсету — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қойып отырған басты талаптарының бірі.

Менің «БатысКазТемірЖолЖоба» ЖШС-да жобалаушы болып жұмыс атқарғаныма біраз болды. Осы  жылдары біздің ұйым облыс, қала берді республика  көлемінде экономиканың  түрлі салаларындағы құрылыстарға, мектеп, балабақша, аурухана және тағы басқа нысандар құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірледі.

Құқықтық қоғам құруды діттеген тәуелсіз  елімізде уақыт өткен сайын жаңа заман талаптарына сай нормативтік-құқықтық құжаттардың көбеюі заңдылық деп санаймын.

Елбасы Жолдауында даму әлеуеті жоғары елді  мекен­дерде селолық инфрақұрылымдар да­мы­тылып, ми­кро­не­сиелеу бағдарламалары мен  табиғи грант­тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылатынын көрсеткен болатын.

Қазірдің өзінде микронесиелік ұй­ымдар қызметінің құқықтық негізі бар.

Бүгінде олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несие беріп үлгерген.

2012-2015 жылдары бұл қаржылан­ды­ру жыл сайын 10-15 миллиард тең­геге көбейтілмек. Елбасы мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс деген болатын. Бұл өте кұптарлық жайт. Және кәсіпкерлерге үлкен қолдау.

Жанна ОРЫНБАЕВА,

«БатысКазТемірЖолЖоба» ЖШС-ның  жобалаушысы,

Ақтөбе қаласы.

***

Өз міндеттерімізді  адал атқарсақ…

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы

жұртшылықтың көңілінен шықты. Тәуелсіз Қазақстанның осы кезге дейінгі жеткен жетістігі, бағындырған белестері қорытындыланып, болашаққа деген сеніміміз арта түсті. Елбасының салиқалы саясатының арқасында мемлекет алдына межелі мақсаттар қойып, сол мақсаттарға қысқа мерзімде қол жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында негізгі  мәселелерді  қамтыған  мемлекеттік  саясаттың  стратегиялық бағыттарын  белгілеп берді. Жолдауда  көрсетілген барлық мәселе маңыздылығымен құнды.  Әсіресе, Жолдауда құқық қорғау органдарының құрылымын оңтайландыру мәселесі ерекше орын алды. Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға беріледі. Сот жүйесінде де көптеген өзгерістер жасалды. Басты құндылық адамдардың сенімі болғандықтан, құрықтаудың құрсауына ілікпей жүрген, қоғамда әлі де орын алып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуде ауқымды шаралар атқарылуда. Елбасы «Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі» ретінде танылғандығын атап көрсетті. Бұл дегеніміз, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз міндеттерін адал атқаруы тиіс. Олай болса, Елбасының сенімі мен елдің үмітін ақтауда адал еңбек ететінімізге сенімім мол.

Назгүл ТӨЛЕУБЕКОВА,

Хромтау аудандық  сотының жетекші маманы.

***

Халыққа түсінікті тілде қызмет көрсетеміз

2010 жыл — Қазақ еліне өте маңызды жыл болды. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына бет бұрдық. Көптеген жаңалықтар мен өзгерістер болды. Ел экономикасы біршама көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Өнеркәсіп саласында, білім мен өнер, техника мен технологиялар саласында біршама алға басушылықтар бар. Ауданымыздың өзінде  көптеген тұрғын жұмыспен қамтылып, «Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда бағдарлама аясында жастарымыз жаңа мамандық игеруде. Ал денсаулық саласындағы енгізілген  жаңа  технологиялар халықтың дер кезінде  емделуіне мүмкіншіліктер беріп отыр.

Елбасы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне көп көңіл бөлген. Білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту  бағдарламалары бекітіліп, біздің күнделікті өміріміздегі мәселелерді дөп басқан.

Тәуелсіз 20 жылдың ішінде қазақ тілін дамытуға тырысып келеміз. Ана тіліміз алдағы уақытта басқа да халықаралық тілдердің деңгейіне жету үшін қолдан келгенше жұмыстар жасалып жатыр. Хромтау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы іс-қағаз құжаттарын қазақ тілінде жүргізеді. Осы мақсатта тілді дамыту бағдарламасы аясында білікті мамандардан тәлім алып жатырмыз. Ең маңыздысы,  келген халық ана тілінде  кеңес алып, құжаттарын тапсыра алады. Орталықтың қызметкерлері де өз білімдерін жетілдіріп отырады.

Жұмыстан тыс уақытында спорттық ойындарға қатысып, Елбасы Жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне де өз үлестерін қосып жатыр.

Ақмарал НҰРҒАЛИЕВА,

Хромтау аудандық халыққа қызмет көрсету

орталығының  бас маманы.

Сәнім ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button