Жаңалықтар

Құстарға арналған ұя

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары құстарға жем салатын ұялар жасап, оларды қаладағы балабақшалардың ауласына орнатты.

Қыстыгүні құстарға азық табу өте қиын. Құсқа жем салатын ұя дайындау —дәстүрлі шаралардың бірі.

Кәсіпорындағы механикалық жөндеу цехының ағаш шебері Андрей Пашев 10 құс ұясын жасап, құстарға, қоршаған ортаға деген қамқорлығын танытты. Ал зауыттың белсенді жастары сол ұяшықтарды «Бәйшешек» және «Думан» бөбекжай-балабақшаларына орнатып берді. Бүлдіршіндердің де көмегі тиді. Балақайлар азықты ұяларға салып, құстарды тамақтандыру дағдыларын үйренді.

— Зауыт ұжымына алғысымыз шексіз. Қыс мезгілінде құстарға жем салғыш ұяшықтарын жасап әкеліп, балаларға керемет қуаныш сыйлады. Мұның тәрбиелік мәні де өте зор, — дейді №9 «Бәйшешек» балабақшасының меңгерушісі Шолпан Жүсіпова.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button