Жаңалықтар

Аялдамамыз қайда?

Заречный-3 елді мекенінің тұсындағы бұрынғы «Алатау» аялдамасы былтыр бұзылды. Бірақ бір жылдан бері салынған жоқ. Ол жерге қоғамдық көліктер тоқтамайды. Аялдаманы не үшін бұзды және қашан салынады? Тұрғындар атынан көтерілген сауалға бұған қатысты мекеменің жауап беруін сұраймыз.

 Молдағазы БАЙМЕНШИН,

Заречный-3 елді мекенінің

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 РЕДАКЦИЯДАН:

Біз бұл мәселе бойынша  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары  бөліміне хабарласқанбыз.

Бөлім  инспекторы Асхат Ерғали былай деп жауап берді:

Бұрын ол жерде тұрған аялдаманы жол жасаушы мердігер құрылыс жұмыстарына кедергі келтіргендіктен алып тастады. Себебі жаңа жолдың жобалық-сметалық құжатында аялдама қарастырылмаған. Ол жерде көлік қозғалысы көп болғандықтан қоғамдық маршруттар қозғалғанда қауіп төндіреді екен. Бірақ аялдаманы бұзған мердігер компания қайтадан салып беруі тиіс. Бұл жөнінде біз ұсыныс хат жаздық. Мәселе алдағы жылы шешімін табады. Келесі жылы Ақтөбе қаласы бойынша 100 аялдама салынбақ. Сол кезде «Алатау» аялдамасы да қалпына келетін болады.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button