Жаңалықтар

Заң талаптарын түсіндірді

Өткен жылдың 30 желтоқсанында «Техникалық реттеу туралы»  Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданған еді.

Жаңа Заң биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Оның ерекшеліктері жөнінде aktobe_press парақшасында өткен тікелей эфирде айтылды. Тікелей эфирге ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің біздің облыс бойынша департаментінің бөлім басшысы Әсет Төребаев пен осы департаменттің бас маманы Ахметбек Әлниязов қатысты.

Департамент қызметкерлерінің түсіндіруінше, жаңа заң ішкі және сыртқы нарықтар тарапынан отандық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың артуына байланысты қабылданған. Өнімді немесе өнім партиясын сертификаттауға өндіруші, сатушы, импорттаушы және өндіруші уәкілеттік берген тұлға өтінім бере алады.

Департамент мамандары техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында биыл жүргізілген тексерістердің, бақылаудың нәтижелері туралы да айтты. Мысалы, екі өнімге қатысты Сәйкестік туралы декларациясының күші жойылған. Бұлардың бірі — кондитер өнімі болса, екіншісі — балалар қуыршағы. Барлығы 23 тексерістің қорытындысында 12 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, 8,8 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button