Жаңалықтар

 «Балбөбектегі» «Алтын күз»

Табиғаттың әсем сыйы — берекелі күз мезгілі. Осыған орай Саржансай ауылында №5 «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Алтын күз» ертеңгілігі өтті.

Шара барысында балалар мен тәрбиешілер жұптасып, күз мезгілін дәріптеп, ойындар ойнап, би билеп, ән шырқады. Күзді бейнелейтін сары ала жапырақтардың шара барысында үйлесімді қолданылуы, сахнаның безендірілуі — көрерменнің көңілінен шықты. Тәрбиелік мәні бар шара балаларға қызықты әрі көңілді болды. Көрген жұрт бал тілді балдырғандардың өнеріне сүйсінді. «Алтын күзге» балабақша тәрбиешілері де, балалар да тыңғылықты дайындалған.

Ертеңгілік соңында  балабақша меңгерушісі күзгі көрмеге атсалысқан балаларды марапаттап, ата-аналарға шексіз алғысын білдірді.

 Т.НҰРМҰХАММЕДОВА,

 тәрбиеші.

Мәртөк ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button