Жаңалықтар

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу және мемлекеттік аттестаттау

Бүгінгі таңда еліміздегі барлық мектептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейді. Сондықтан орта білім беруді сырттай бағалау моделі жетілдірілді. Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ) енгізілді.

Әрбір мектеп ББЖМ қорытындысы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат және білім беру ұйымдарында оқыту мен оқытуды дамыту бойынша ұсынымдар алады.

ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55 бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізілсе,  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.

ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылыми сауаттылық) бойынша, 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде өткізіледі.

Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және қараша айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында болады.

ББЖМ өткізу тәртібі ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларымен реттелген.

Сондай-ақ үстіміздегі оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерде, колледждерде, әскери, арнаулы жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестаттау енгізілді.

Мемлекеттік аттестаттау Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының сақталуын бақылау, білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында профилактикалық бақылау нысанында өткізілетін болады.

Мемлекеттік аттестаттау аясында оқушылардың білімдерін бақылау, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы және т.б. көзделеді.

Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы – бұл білім беру ұйымдарының өз қызметін тәуелсіз бағалау механизмі. Бұл механизм білім беру ұйымдарының қызметін бақылаудың халықаралық тәжірибесінде кеңінен қолданылады және олардың білім беру практикасын жетілдірудегі ұйымдардың тәуелсіздігі мен дербестігін ынталандыруға бағытталған.

Білім тілдері бойынша бастауыш (4 кл) екі пән, негізгі орта білім (9 кл) үш пән және жалпы орта білім (11 кл) төрт пән бойынша тестілеу өткізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін тестілеу екі салалы пән бойынша өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізіледі.

Өзін-өзі бағалау нәтижелерін қарау барысында департамент (бақылау органы) сарапшылардың жасырын болуы, білім беру ұйымының басшысымен бейне сұхбаттасу, бейнеконтенттерді ұсыну және басқалары сияқты бағалау элементтері мен принциптерін қолданатын болады.

Ақтөбе облысының білім саласында

сапаны қамтамасыз ету

департаменінің басшысы 

Б.Кузембаева

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button