Жаңалықтар

312-атқыштар дивизиясы даңғылына жол таңбалары салынды

Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері қалалық әкімдік мамандарымен бірлесе отырып, көлік нөпірі жоғары 312-атқыштар дивизиясы даңғылына жол таңбаларын сызу жұмыстарын жүргізді.

Жол бөлігінде кептеліс болдырмау және қарсы беттегі көлік нөпірінің анық көрінуін қамтамасыз ету мақсатында жолды бөлу жолағына қосымша солға қарай бұрылыстар сызылды, сондай-ақ бөлу жолақтары қызыл түспен боялды. Сонымен қатар жаяу адамдардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер өтпелері кеңейтіліп, жолдан өту барысында қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескертетін жазулар жазылды.

Полиция басқармасының қызметкерлері ақтөбеліктерден жолда жүргенде әркез жол таңбаларына мән беріп, жан-жағына қарап, қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескертеді.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button