Жаңалықтар

Аула клубы көбейіп келеді

Әуе қалашығы ауданының Авиатор көшесінде «Ақжелкен» аула клубы ашылғанын жазған болатынбыз.

Алдағы уақытта мұнда  №72, №29  мектептің оқушыларымен қатар Болашақ, Юни Сити, Сүт зауыты,  Сельмаш, Мәскеу аудандарында тұратын 5-15 жас аралығындағы 1000-нан астам оқушыны үйірме сабақтарына тарту жоспары тұр. Екі қабатты ғимаратта 12 оқу кабинеті бар. Үйірменің 14 түрі өтеді және мұнда ашылған үйірмелер  Әуе қалашығы ауданындағы мектептер мен балабақша базасында қайталанбайды.

«Ақжелкен» аула клубы 2009 жылдан бастап жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда  8-шағын ауданда орналасқан аула клубында 500-ге жуық бала білім алуда. 2020 жылы аула клубының аясы кеңейіп, қаңтар айынан бастап Бекқұл баба елді мекенінде филиалы өз жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда мұндағы ғимарат негізгі мекеме болып есептеледі. Білім алушылар саны 500-ден асады.

«Ақжелкен» аула клубында барлығы 31 үйірме, 5 бағытта (эстетикалық, спорттық, гуманитарлық, жаратылыстану, экологиялық)  жұмыс жасайды. Аталмыш аула клубының тәрбиеленушілері қалалық және облыстық, республикалық, халықаралық  фестивальдер мен байқауларға, көрмелерге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button