Тарих

Тектілер көргентеперіш

Қуғын-сүргін

Ұлтжандылық (патриоттық) санақашанда тарихи сана арқылы бекиді. Қазіргі қазаққа ата-бабасының жүріп өткен жолымен жасаған тарихын жан-жақты насихаттау, мектеп оқушыларына арналған тарих оқулығын өзгенің сызып берген күмәнді ақпараттарымен емес, өз ғалымдарымыздың зерттеулері арқылы жазу керек.

Тек тарихи сананы зердесіне дарытқан ұрпақтан ғана шынайы патриотизмнің қалыптасқанүлгісін көреаламыз.

Ұлтжандылық — көшпенді халықтың өне бойынан ең бірінші табылатын қасиет. Ананың сүтімен сіңген қасиет сүйекке таңбаланып кетеді деп ұққан ұлттың генетикасында патриоттық қашан да бірінші орында тұрды.«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген қағида да осыдан туындаған. Көшпелі қазақтарда тарихи санада, мәдени санада әр адамның бала шағынан дамып, ортақ ұлттық бірегей сананы қалыптастырып тұрды. Әр қазақ өз ата қонысында, өз туыстарының қасында қоғам болып, әлеуметтік ортаны қалыптастырып отырған шақта мемлекеттік сана ұғымы да жоғары деңгейде еді. Хандық құрылым негізінде өмір кешкен басқару жүйесінде ол қалай қалыптасады деген сауал туындауы да мүмкін. Хандық құрылым елдік мәселелерді, соғыстар мен салық жүйесін, аса үлкен ауқымды дипломатиялық жайттарды бекітіп отырды. Ал ел ішіндегі қоғамдық мәселелерді өз деңгейінде шешіп отырған институт, әр аймақтың, әр рудың көшбасшысына айналып, экономикалық, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелермен,жұмыспен қамтумен айналысып, қоғамның осы жайттар бойынша дамуына ықпал еткен менеджерлер —қазақтың байлары еді. Олар өз өңірі мен ру-елінде мемлекеттік сананы қалыптастырып отырған құрылымдық институт бола алды. Өз руының ішінде жүрген жігітті көшпелі мал шаруашылығында жұмыспен қамтыды, ол отау құратын жасқа келгенде,өзі баққан малдан қалыңдық жағына төлейтін қалың малы, той-томалақ, өлім-жітімге, соғымға соятын малы да шешіліп отырды. Әр ауылдың байы жастайынан білім қуған адамдарды, Бұқарадан оқып келген түлектерді өз ауылына шақырып, жағдайын жасайтын. Олар сол ауылдың балаларына хат танытып, ағартушылық әрі мұсылмандық шарттарды атқарушы қызметкер ретінде еңбек етті. Айырбас үшін айына, аптасына бір базарға төрт түлік айдап, тұрмысқа қажет дүниелерге айырбастап, ел ішіне үлестіріп отырды.Сол ортада ғұмыр кешкен қоғам өкілі үшін,әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешіп,күнделікті өмір ағымын бір арнаға бағыттап, жүйелеп отырған осындай менеджерлердің беделі зор болды. Қоғамның ішкі сұранысын қанағаттандырып отыратын мұндай институт сол заманғы қазақтың байлары еді. Бір сөзбен айтқанда, рубасы байлар халықтың «жау жақтағы қарасы, жел жақтағы панасы» болды.

Елдің ішкі тетіктерін түзуші байлар билікке сырттан жармасқан кеңестік қызыл империяның саясатына үлкен кедергі еді. Кеңес билігі өзінің басқару механизмін енгізуді көздеп, байларды жаппай қудалауға ұшыратты. Бұл саясатқа қарсы бас көтеріп, пікір білдіргендерді аяусыз жазалады, байлардың мал-мүлкі тәркіленіп, өздері жақтастарымен бірге елден жыраққа аластатылды. Патшалық экспансиямен большевиктік өктемдік ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттік сананы тып-типыл етіп қана қоймай, рухани, мәдени, дәстүрлі құндылықтарымызды да әркімге үлестірді, ал үлестірілмегенін аяқасты,құнсыз ете салды. Хас батыр, қайран жақсылармен қоса, халқымыз кие тұтқан ұғымдардың көпшілігі тұғырдан тайды…

Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері—өз заманының ірі байы. Оның есімі облыстық мемлекеттік архивтегі тәркіленген байлардың қатарында тізімде тұр. Өз тұсында байлығымен ғана емес,  жомарттығымен де тұтас өлкеге танылған. Сонау бабасынан бері келе жатқан байлықты өзіне қарасты рудың, қоғамның мүддесімен сабақтастыра пайдаға асырған атымтай жомарт. Біздің облыстың Қарабұтақ жағында Үйтас, Тасөткел, Ақтастыкөл, Ұйымшыл, Көкетік дегенжерлер бар. Бұлар—ата-бабамызға ежелгі қоныс, жаз жайлау болған мекендер.Өзіміз туып-өскен осы өңірде бұрынғы байлар жайлы аңызға бергісіз әңгімелерді бала кезімізден естіп өстік. Солардың бірі—Рысмағамбет Итқарин еді.Әр байдың ырысы мен құтының бір иесінің болатыны —қазақ пәлсапасында ежелден бар сенім. Рысмағанбет байдың ырыс-құты жөнінде де аңызымен шежірелі сырлары басым әңгімелер көп айтылатын. Ел қыстаудан жайлауға көшіп, арқаны кеңге салып, үйлерін тігеті ншақта, жыл сайын көктемде өз мекеніне келіп ұя салып, балапан басатын жыл құстарының ішіндегі төресі— аққу. Рысмағанбеттің тіккен киіз үйінің шаңырағына әрдайым аққу келіп қонады екен. Аппақ құс төресінің мұнысын жұрт жақсылыққа балап, қуанышпен қабалдайды, ырыс-несібенің орнауы деп ұғады. Расында, Рысмағанбет ауылында жыл сайын мал басы артып, құт-береке еселеніп, дәулеті арта берген.

Облыстық архив деректерінде 1928 жылы мал-мүлкі тәркіленіп, Семейге жер аударылған сәтте «Рысмағанбет бай 61 жаста болды» делінген құжат сақтаулы. Демек, оны 1867 жылы туған деп шамалауға болады. Ел есінде сақталған шежіреде әкесі Итқара, ал шешесінің есімі Баяу деп айтылады. Сол заманның дүниесі, денсаулығы жеткен азаматтарының көпшілігі мұсылмандық шартпен көп әйел алған. Рысмағанбеттің де екі әйелі болған. Бәйбішесі— Бірлан, тоқалы— Шолпан. Әулетіне біткен жалғыз ұлы —Ұзақ. Қыздары— Ұлжан, Бұлжан, Кәмпит. Үш қызында заманына нәубет келмей тұрған шақта, 1928 жылдан бұрын ұясынан ұшырып, ақ батамен құтты орнына қондырып үлгерген. Жалғызұлы Ұзақ 1901 жылы туған. Рысмағанбет бай жалғыз мұрагеріне қазіргі  Қарабұтақселосынан

20-25 шақырым жерде орналасқан Үймола деген жерден, сол кезеңде Хан көшек ауылы деп аталатын мекеннен БейсенәліқызыРахиманы айттырып әперіп, отау тіктірген. Ұзақтың да жалғызұлы болған. Аты — Құтым. 1919 жылы туған. Қыздары — Зылиха, Жаңылған, Мәлике, Інжу. Жаманқаладан (Орск) отарбаға отырып, Семейге беттеген шақта,бұл әулетте 13-14 жан болған екен. Отарбаға тиеген төсек-көрпе, кілем, текемет, төсеніштерінде Семейдің вокзалына жеткенде алдынан өкімет адамдары шығып, тәркілеп, күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелерінің өзін бермей қойыпты. Сөйтіп, мал-мүлкін алғаны аздай, төсек-көрпелеріне дейін тартып алып, дымсыз қалдырады. Семейде олар пәтер жалдап тұрған. Рысмағанбет байдың әулеті жер аударылғаннан кейінгі екі жылын — Семейде, одан соң екі жылын Қарқаралыда өткізеді. Семейден Қарқаралыға арбамен көшіп бара жатқанда байдың жалғыз ұлыҰзақ кенеттен сырқаттанып, бақилық болады. Ұзақтың әйелі—Рахима Бейсенәліқызы өз естелігінде немерелеріне: «Бұл 1930 жыл еді», — деп баяндаған. Сол кезде байдың жалғыз ұлы 29 жаста еді. Ұзақтан да жалғыз ұл қалғанын жоғарыда айттық. Елге оралғаннан кейін Рысмағанбет бай немересі Құтымды нағашыларына табыстайды. Сірә, өзінің қолында бұрынғыдай әлеуетіде жоқ, оның үстіне әліде өкіметтен қуғын көретінін білді ме екен?

Құтым Аралда мектеп-интернатта, одан кейін Ақтөбеде мұғалімдер семинариясында оқиды. Өмірінің 40 жылын ұстаздыққа арнап, 1971 жылы «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» атанған. Одан бөлек «Құрмет белгісі»орденімен де марапатталған. Бірақ байдың тұқымы ретінде біраз қысымға ұшыраған кездері де болған. Бір мектепті бір өзі ұстап, саналы ғұмырын бастауыш кластарға білім беруге арнаған жан екенін өзі еңбек еткен Қарабұтақ өңірінің жұртыжақсы біледі. Ол еңбек жолын Үймоладағы мектептен бастап, 1950 жылы Қарабұтақтың іргесінде 5 шақырым жерде орналасқан «Қызылту» колхозына қоныс аударған. Рысмағанбет атасының байлығынан қалған жалғыз жәдігер әулеттің ендігі иесі Құтымның қолында сақталған. Ол жез қоңырау еді. Заманында екі мәртеТеректінің болысы болып, татар тілмаш ұстап, Жаманқаладан (Орскіден) арнайылап түсетін үй соқтырып тұрған кезінде Рысмағанбет бай жазда үш ат жеккен пәуескемен, қыста шанамен жүріпті. Әр аттың доғасына ұстаға арнайы жасатқан жез қоңыраулар тағылған. Сол қоңыраулардың жалғыз ғана сыңары мұра болып ұрпаққа жетіпті. Ұзақ баласы Құтым ұстаз сол дүниені өз қажетіне жаратып, сабақ аралығындағы үзіліс, ауысым уақытын жез қоңыраумен хабарлап,қырық жыл бойы қолынан тастамаған екен.

Ол бар ғұмырын ағартушылыққа арнап, 1979 жылы дүниеден өткен.Өзі өмірден өткеннен кейінде, Қарабұтақтағы қарашаңырақ мектептің сол кездегі директоры Байжан Бекмұратов,жасы үлкен мұғалімдер —Қазыбай Арызов, Рахметолла Айпейісов есімді кісілер арнайылап Құтым ұстаздың шаңырағына келіп, осы жез қоңырауды әйелі Сыпайы Ескендірқызынан сұрап алып, соңғы қоңыраудағы салтанатты шараға қолданып, сыңғырлы, тұнық үнімен түлектерге сәт сапар тілеп, соңынан өз иесіне апарып, қайта табыстап отырған. Бұл әулеттік мұра әлі де осышаңырақтың іргесін ұстап отырған мұрагері Болатбек Ұзақовтың қолында сақтаулы. Ал Рысмағанбет байдың заманында барлық атқамінер атаулы өз көлігіне осындай қоңырау тағып жүргені белгілі. Бұлай деуімізге әйгілі қазақ жазушысы, классик Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы мына бір жолдар дәлел бола алады:«Ұлпан жеңіл кашава шанамен үйіне келіп жеткені сол, жақындай берген қоңырау дауысы естілді. Ояз бастығыма, әлде сонау Омбыдан келе жатқан біреу ме? Үш атты қатар жеккен жабық ауыр шана ағызған бойы үлкен үйдің алдына келіп тоқтады. Қоңыраулары әлі басылмай былдырлап тұр».

Рысмағанбет бай төрт жыл қуғын-сүргінде жүріп,өз туған мекеніне аман-есен оралған. Байдың өз мекеніне оралуына  себеп жайттың бар екені жөніндеүлкен кісілерден естіген шежірелі әңгіменіжергілікті жұрт әлі күнге ұмытпай айтады. Рысмағанбет бай барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, үкім-қаулысы шығып, аттана ркүні белгілі болған соң,өз атақонысы Үйтас, Төсеткел жақта орналасқан Алшабай ишанның мазарын үш рет айналып, зиярат жасайды. «Е, құдіретті күшті Жаратқан Аллам, менің сүйегімді жат жерде қалдырмай, топырағыңды өз кіндік қаным тамған мекеннен, ата-баба қорымынан бұйырта гөр!» — деп жалбарынады. Қазақ ежелден Құдайға құлшылығын ата-бабасының қорымында,әулиенің басында атқарған жұрт қой. Сөйтіп, Рысмағанбет бай елге дін-аман оралып, соғыстың алдыңғы жылдарының бірінде дүние салған. Тілегеніндей, оған мәңгілік меке ната-баба қорымынан бұйырған деседі.

Қуғында жүрген жылдарында Рысмағанбет бай баласымен немересінен айырылады. Екеуінен де Семейден Қарқаралыға көшіп келе жатқан кездерінде айырылған. Алдымен жалғыз ұлы Ұзақ бақилық болып, оны жолда көмеді. Жарының алыс бір аймақта белгісіз  төмпешік болып қала бергенін Рахима Бейсенәліқызы да өле-өлгенінше  өкінішпен есіне  алыпотырады екен. Одан бөлек,әбден қажыған жол соқты әбігерден бе, әлде Құдайдың жазуыма, арбаның алдында құндақтаулы сәбиді ұстап келе жатқан тоқалының қолынан бала түсіп кетіп, оны қапелімде арбаның дөңгелегі басып, мерт қылады. Сөйтіп, құйттай немересі—қырқынан шықпаған шақалақтан да айырылған. Бір үйден екі жанға алыс  Қарқаралыдан топырақ бұйырған. Сол заманның лаңых алқының сүйеніші болған,қалың жұртқа қызмет еткен әулеттерді  таржол, тайғақ кешуден — осындай азаптардан өткізген. Тіпті түп-тамырыме нбіржола жоқ болып кеткен әулеттер қаншама?

Рысмағанбет байдың мал-мүлкі тәркіленген сәтті де ақсақалдар естелік қып айтып отырушы еді. Мыңдаған жылқы мен жүздеген түйені, аша тұяқ іріқара мен ұсақ түлікті бір сәтте санап, талан-таражға салған қайғылы тарих ұмытылса да, оның зардабы нәлі тартып, сезініп келеміз. Рысмағанбе тбайды кәмпескелеуге келген орыстар мыңдаған шұбар ала жылқының ішінде тек бас айғырды ғана ырықтарына көндіріп, айдап әкете алмапты. Бұл жөнінде қариялар айтатын әңгіме былай боп келетін: кәмпескенің уақыты—қыс қыстауға Кішіқұмды мекендеген жұрттың көкек шығаҮйтасқа келген кезі екен.Құлындайтын жылқыларды сайға тығып, санап тұрған орыстарға шұбар ала айғыр көнбей, кісінеп, жер тебініп тұрады. Өз туғанжерінен жыраққа айдалып кетерін жылқы баласы сезсе керек. Тәркілеуді ұйымдастырып тұрған орыстардың, жанына ерген жезілгек, шошақ мылтық солдаттардың астындағы аттары шұбарала айғырдың кісінеген үнінен тыпыршып, тағат таптырмайды. Кәмпескелеуге келген топтың басшысы оны жан-жақтан бұғалық, арқан тастап, еріксіз бұғаулап алып жүруге бұйрық береді. Мойнына түскен бұғалықтарды үзіп, шыңғырып өз даласына қарай қашқан айғырды атып алуға да пәрмен береді. Жез ілгекті, шошайған мылтық асынған әскерилер атқан оқтың бірде-бірі айғырға тимепті, ақыры ол бас бермей,шыңғырған дауысы алыстай беріп,бірте-бірте көрінбей кеткен. Оқиғаға куә болған үлкендер жағы кәмпескеге келген өкімет адамдарының образын, киім үлгісін сол күйінде сипаттайтын. Байдың кәмпескеленгенін көреміз деп барған жұрттың аузында осы әңгіме қалыпты. Айғырдың әрекетін олар, әрине, кие ұғымымен байланыстыратын…

Таласбек Әсемқұловтың «Тәттімбет сері» романында: «Біреу атадан асып туса, біреу атаға жетіп туады, біреу атадан кетіп туады. Сол жахаттас жақсылардың әділеті өздерімен бірге кетеді. Себебі жеңген ел жеңілген елге осы атадан кете туғандарды тұтқа қылады. Арыстанды қойға бастатады. Міне, Тәттімбет, менің қорқатыны мосы»,—деп келетін ойлы жолдар бар. Ақиқаттың әйтеуір бір қордаланып жарыққа шығатыны да рас. «Тамыр берген түйеден, Тәңір берген тоқты артық» деп, ырыздықты Жаратқанның бұйрығына теліп отыратын дала жұртының берекесін ту-талақай қашырған жаттың жымысқы саясаты мен сол саясат қақолшоқпар болған намыссыздық еді.Сонымен, тектілік гегемониясы біржола күйреді, күйретілді.

«Кеш қайтқан борыш екі есе бағалы»— дейді біздің жұрт. Тағдыры тарихқа айналған тұлғалардың ғұмырын зерделеп, мемлекет тарапынан жаппай ақтау ісі қолға алынып, тәуелсіз елдің өткеніне түгендеу жүргізіп жатқаны— қуанарлық жағдай.Еліне тұтқа болған талай тұлға тарихтан өз бағасын алмай, тағдырлары жұмбақ, жабулы күйінде жатыр. Өз заманында қазаққа қал-қадірінше қызмет еткен тұлғаларды зерттеп, тарих, өлкетану пәндері арқылы насихаттап отырсақ, кейінгі ұрпақтың мақтанышына айналар еді. Тарихи сананы жаңғырту— елдік сананың алғышарты әр ііргетасы. Қазақтың бұрмаланған, жоқ болған тарихын зерттеп, ақиқатын аршып, жарыққа шығаруды қазақтың өзі ғана қолға алуы тиіс, оны бізге сырттан ешкім жасап бермейтіні белгілі.

Берік НҰРМҰХАМЕДОВ,

гуманитарлықғылымдармагистрі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button