Ұлттық халық санағы

ОБЛЫСТА БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ЖҮРІП ЖАТЫР
Биыл 1 қыркүйек пен30 қазан аралығында Қазақстанда Ұлттық халық санағы өтеді. Бұл — еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өткелі отырған үшінші санақ.
«Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өткізілетін санаққа дайындық шаралары 1 маусымнан басталды. Осы орайда біз қазір облыста қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, санақтың маңызы мен жүргізілу тәртібі туралы сұрап, білген едік. Сонымен…

Сайт 24 сағат жұмыс істейді
Санақ — тек біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде міндетті түрде өткізілуге тиісті шара. Себебі санақ 10 жылдағы даму деңгейін, сандық тұрғыдан көп мәселелерді айқындап алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы қоғамда халықтың өсуі, тұрмыс жағдайы, экономикасының дамуы — бәрі санақ арқылы анықталады.
Елімізде алғашқы санақ 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызының аралығында өткізілсе, екінші санақ 2009 жылы өтті. Одан кейін араға он жыл салып, үшінші санақ 2019 жылға жоспарланған еді. Алайда бүкіләлемді дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясына қатысты елде орнаған төтенше жағдай және карантиндік шектеулерге байланыстыҮкімет санақты кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Осылайша Ұлттық халық санағын өткізу уақыты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен30 қазаны аралығына белгіленді.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сәрсенбаевтың айтуынша, бұған дейінгі екі санақ бюллетень толтыру арқылы өткізілсе, биылғы санақ онлайн болмақ. Нақтырақ айтсақ, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында барлық қазақстандықтар онлайн режимде арнайы sanaq.gov.kz сайтында санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Жүйетәулігіне 24 сағатбойықолжетімдіболады. Тұрғындар санаққақатысуүшінөзінеыңғайлыкез келгенуақыттытаңдайалады, сондай-ақсайттабланктытолтырудытоқтатужәне оны толтырудыкейінқайтажалғастырумүмкіндігіболады. Бірқатар азаматтарүшін Aitu мобильдіқосымшасыарқылыҰлттықсанаққақатысумүмкіндігі де ұсынылады.
— Биылғы санақ кезінде барлық технологиялар мүмкіндігі пайдаланылып, ақпараттар жиналып, планшетке енгізілген бланкіде толтырылады. Сосын ол ақпараттар орталық серверге түсіріледі. Негізінен, биылғы санақ екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — 1-30 маусым аралығында интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғындар мекен етіп жатқан басқа да баспаналардың, құрылыстардың, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Бұл кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі. Санақтық аудандастыру дегеніміз – санақтың 2 кезеңін өткізу үшін өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақты өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу. Бірінші кезеңде азаматтарға бар-жоғы екі-ақ сауал қойылады: үйдің иесі кім екендігі және сол үйде тұратын адамдардың нақты саны. Қазіргі таңда Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінде 4 адамнан тұратын штаттан тыс бөлім жұмыс жасап жатыр. Ал ұлттық санақты дайындау және өткізу бойынша 49 нұсқаушы (уәкілдер) жұмысқа тартылды, оның ішінде 32-сі — аудан орталықтарында және 17-сі —Ақтөбе қаласында,— дейді департамент басшысының орынбасары.
Интервьюерлер электронды планшеттерді пайдаланады
Сонымен, 1 маусымда Ұлттық санаққа дайындық кезеңі басталды. Қазір
елімізде барлығы 5 405интервьюер және 773 нұсқаушы-бақылаушы тұрғындар туралы қажетті ақпараттарды жинап жатыр. Ал облыста бұл кезеңге (тұрғын үйлер мен ғимараттарды аралау) 250-ден астам адам қатысады. Оның ішінде 34-інұсқаушы-бақылаушы болса, 229-ы— интервьюерлер.
— Биылғы санақтың жаңашылдығы — интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді. Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. Тарқатып айтсақ, бұл кезеңде тіркеушілер планшетпен мобильді байланыс арқылы онлайн форматта жұмыс жасайды. Мысалы, бір тіркеуші қаланың бір шетіндегі тұрғын үйлерді аралап болған соң атқарған жұмысы туралы бізге ақпарат жолдайды. Ақпараттарды уәкілдер тексеріп, бекітіп, орталыққа жібереді. Осылайша біз келесі кезеңге азаматтар туралы толық ақпарат аламыз, — дейді Н.Сәрсенбаев.
Қазіргі таңда интервьюерлер учаскелік инпекторлармен, пәтер иелері кооперативі басшыларымен тікелей байланыста жұмыс жасауда. Олар арнайы куәлік пен портфельмен, планшетпен қамтылған. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары үшін оларға фонарь мен ысқырық берілген.
Нұржан Сәрсенбаевтың айтуынша, санақтың негізгі кезеңінде, дәлірек айтсақ, 1-30 қазанда дәстүрлі жалпы аралау шарасы жүргізіледі. Бұл кезде белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн режимде өтпеген тұрғындар арасында тіркеу жүргізілетін болады.
Бұл кезеңге (халыққа жаппай сауал салу) 1239 персонал қатысады: оның 155-і — нұсқаушы-бақылаушы және 1084-і — интервьюер.
— Негізгі кезеңде кез келген адам қайда жүрсе деsanaq.gov.kz сайтына кіріп, өзін және өзінің отбасы мүшелерін тіркеп, сауалдарға жауап беруіне болады. Сондай-ақ egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады.
Жалпы Ұлттық санақ кезінде елімізде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» нөмірі елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ 8 8000 800 878 нөмірі де бар. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін. Тұрғындар call-орталыққа «1446» нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде кейбір сұрақтарға жауап берілу үшін Бюроның аймақтардағы және Орталық аппараттағы сәйкесті телефон нөмірлері автоматты түрде қосылады. Сонымен қатар санаққа қатысушылар кез келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін Бюроның stat.gov.kz интернет-ресурсына, Бюро басшысының блогына, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады, — дейді Н.Сәрсенбаев.
Талап және келісімшарт
Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, санақтыңбірінші және екінші кезеңдерінеқатысқан барлық азаматтарға келісімшарт бойыншакөрсеткен қызметіне еңбекақы төленеді. Бүгінде барлық қызметкерлермен еңбек келісімшарты жасалған. Олар 65-105 мың теңге аралығында еңбекақы алады. Оларға қойылатын басты талап — жасы 18-ден асқан, бастамашыл, өз ісіне жауапты, адамдармен тез тіл табысатын болуы керек және компьютермен жұмыс жасай алуы тиіс. Олардың жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне байланысты талап қойылмайды.
— Қазіргі таңда облысымызда бірінші кезеңге, яғни тұрғын үйлерді аралап, ақпараттар жинауға жұмылдырылғандардың дені — жастар. Бұл жұмысқа өз еркімен келген жасы үлкен кісілер де бар. Олар өздеріне міндеттелген жұмысты уақытында атқарып, бізге тұрғындар туралы ақпарат беруі тиіс. Бүгінде барлық тіркеушілер облыс орталығында және аудандарда қарқынды жұмыс жасап жатыр, — дейді Н.Сәрсенбаев.
Айта кету керек,биылғы Ұлттық санақты жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады. Оның 67-сі негізгі сұрақтар болса, 20-сы — қосымша нақтылаушы сұрақтар. Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің әдістемелік материалдары негізге алынған.
Р.S. Департамент берген деректерге сүйенсек, біздің облыста 1999 жылдыңбасында 682 558 тұрғын болған. 2009 жылы өңір халқының саны 757 768 адамға жеткен. Ал биылғы жылдыңбасында 894 333 тұрғын тіркелген. Оның 84%-ы — қазақтар.Облыстағы тұрғындардың нақты санын алдағы санақтан соң білетін боламыз. Сондықтан санаққа қатысып, белсенділік танытайық!
Данагүл ҚАЗИХАН.



