Әлеумет

Ел тілегі

Қазақстан Республикасының Президенті

Ұлт көшбасшысы

Н.Ә.Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Осыдан он тоғыз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздікті тәу етіп, ежелден еркіндік аңсаған халқымыз ұлтымыздың үміті, мұраты анық, іс-қимылы қанық Елбасын таңдады.

Халқымыздың таңдауы қалт кетпегеніне көз жетті. Кешегіміз қаһармандыққа, бүгініміз жасампаздыққа, ертеңіміз келешегіміздің кемелін келтірер батыл бастамаға толы. Төрткүл дүниеге танылып, төбедегі келді. Әлем алдында еліміз – еңселі, халқымыз – қадірлі. Екінші мыңжылдық барша қазақстандықтардың дүркіреген дәуірі, жарқыраған жұлдызы болып басталды.

Сан ғасырлар бойы «Мәңгі ел» орнатуды армандаған көне ғұн-түрік билеушілері жете алмаған сән-салтанатқа «Назарбаев-Қазақстан жолы» арқылы жеттік.

Бұл – бұрын-соңды әлемнің бірде-бір мемлекеті жүріп көрмеген жол.

Сіздің болашақты қапысыз болжайтын табанды және саяси бағытыңыз, жаһандық түйіндерді шешуде тізгінді тең ұстайтын мәмілегер саясатыңыз бен даналарға сай ақыл-парасатыңыздың нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауіпсіздіктің кіндігіне айналды.

Елордамыз – Астана төрт мұхиттың арасындағы дүние жүзі саясаткерлері мен мәдениет және дін қайраткерлерінің, алпауыт іскерлердің Жерұйығы болып танылды.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының жұртшылығы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктер мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту туралы мәселені қызу талқылауда. Қазір республикалық референдумға қатысу құқығы бар ақтөбеліктердің басым көпшілігі  референдум тағайындау туралы бастамашыл тілектерін білдіріп, тиісті параққа қол қойды.

Біздің жерлестеріміз Сіздің барлық бастауларыңызға әрдайым қостаушы болады.

Біз Қазақстан халқының Елбасы, шынайы Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деп білеміз.

Сіз – Ұлы Даланың ұлы реформаторларының тежеусіз, теңдессіз, рухани мұрагерісіз.

Қазақ Елін одан әрі гүлдендіретін де, ырысымызды тасытып нәрлендіретін де, абыройымызды асырып сән беретін де Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев! Сондықтан барша қазақстандықтардың тапжылмайтын таңдауы да, қапысыз қалауы да – Нұрсұлтан Назарбаев!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіз бірлік пен ынтымақты, сабырлылық пен парасаттылықты мұрат еткен халқыңыздың жүрек қалауына сай жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды деп сенеміз. Бұл – ондаған, тіпті жүздеген жылдардан соң да құрыштай берік Қазақ Мемлекетінің іргесін бекіткен тарихи шешім болып қала бермек.

Қазақстанның, Тәуелсіздігіміздің тағдыры Сіздің қолыңызда.

Біз Сізге сенеміз!

Сіз – біздің Елбасымыз!

Сіз – біздің Көшбасшымыз!

Құрметпен,

1. Нұрқайыр Телеуов

Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы

Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы.

2. Кеңес Баймұханұлы Бірманов

Ақтөбе облысы ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

3. Элеонора Бердібаева

«Қазақстан студенттері республикалық альянсы»

филиалының төрайымы.

4. Әсел Саматқызы Бөлекова

«Нұр Отан» ХДП АОФ «Жас Отан»

жастар қанатының атқарушы хатшысы.

5. Базарбай Нұрғалиұлы Иманов

«Руханият» саяси партиясы

облыстық филиалының төрағасы.

6. Балғали Құрманғалиұлы Ордабаев

референдумның бастамашыл тобының жетекшісі,

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы,

облыстық мәслихат хатшысы.

7. Николай Дмитриевич Выходец

Қазақстан патриоттар партиясы

облыстық филиаланың төрағасы.

8. Аслан Нұрқасымұлы Балқасынов

ауған соғысы интернационалист-жауынгерлер

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

9. Түрікпенбай Жұбанұлы Айжарықов

облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы.

10. Бауыржан Әбдірашұлы Есмахан

«Нұр Ғасыр» облыстық мешітінің имамы,

Дін басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имамы.

11. Николай Гузев

Қасиетті Никольский кафедралдық соборының аға попы.

12. Ғалым Мүсенұлы Қамысбаев

«Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

13. Келдібай Еспағанбетұлы Еспағанбетов

Бейбітшілік және Келісім Кеңесі облыстық

филиалының төрағасы, «Агро» шаруашылық

және фермерлік ассоциациясының төрағасы.

14. Асылбек Оңдасынұлы Қуанов

«Әділет» демократиялық партиясы

облыстық филиалының төрағасы,

Ақтөбе заң колледжінің директоры.

15. Вальтер Райнгольдович Леммле

«Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы.

16. Абай Исламұлы Мырхин

««Смеда» шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Агенттігі»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Ақтөбе облысы бойынша бастамашыл топ мүшелері:

17. Ғалымжан Жұмабайұлы Нұрышев

Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының ректоры,

облыстық мәслихат депутаты.

18. Дидар Айтбайқызы Алмағанбетова

Темір ауаны Шұбарқұдық гимназиясының директоры.

19. Александр Александрович Пашкевич

Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық

орталығының директоры.

20. Наталья Николаевна Смоленкова

Ақтөбе қаласы жедел медцициналық көмек ауруханасы

реанимация бөлімінің дәрігері.

21. Біржан Бөлекбайұлы Абдуллин

Қобда ауданы Егіндібұлақ дәрігерлік

амбулаториясының меңгерушісі.

22. Құдайберген Елтекұлы Бекенов

«Желдорфармация» ЖШС президенті,

облыстық мәслихат депутаты.

23. Зәпен Жақсыбайқызы Жұмабаева

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру және

қайта даярлау орталығының директоры.

24. Тәттігүл Жақсыбайқызы Талаева

Ақтөбе облысы Азаматтық Альянсі төрайымы,

іскер әйелдер облыстық Ассоциациясының төрайымы,

«Тандем» ТРК директоры, облыстық мәслихат депутаты.

25. Юлия Николаевна Савченко

«Мұғалім» репетитор мектебінің директоры.

26. Дания Мәдиқызы Еспаева

«Банк Тұран Әлем» АҚ АФ директоры,

облыстық мәслихат депутаты.

27. Глеб Анатольевич Щегельский

Метрология және стандарттау департаментінің директоры.

28. Төлеген Шәріпұлы Таңатаров

«Trans-MostGroup» ЖШС Бас директоры,

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.

29. Александр Федорович Чемоданов

Әйтеке би ауданы «Құмқұдық» ЖШС директоры,

облыстық мәслихат депутаты.

30. Зағыпар Отарбаев

Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі

«Тез» шаруашылық қожалығының басшысы.

31. Қуаныш Далабайұлы Илюбаев

«Нұр Отан» ХДП АОФ жемқорлыққа қарсы Кеңес төрағасы.

32. Бекет Есенжол Есенжолов

еңбек ардагері.

33. Мақсұт Керейұлы Балғынов

еңбек ардагері.

34. Гайк Вардгесович Тертерян

армян этномәдени бірлестігінің төрағасы,

«Урарту» ЖШС директоры.

35. Жанболат Бақиұлы Тортаев

«Атамекен» студенттер құрылыс жасағы

облыстық Штабының төрағасы.

36. Сағынғали Айчанұлы Тәженов

Алға аудандық ауруханасының бас дәрігері.

37. Төлеген Құлатайұлы Шәудір

Байғанин ауданы «Мерей и К» ЖШС директоры.

38. Аманғос Сансызбайұлы Төлеуов

Қарғалы ауданы «Степное» ЖШС директоры,

облыстық мәслихат депутаты.

39. Назым Болатқызы Құсайынова

«Жансерік» шаруа қожалығының директоры,

Мәртөк аудандық мәслихатының депутаты.

40. Аманжол Шұңғылұлы Адаев

Мұғалжар ауданы «Шапағат» жеке ауруханасының бас дәрігері.

41. Гүлжан Тәуірбайқызы Дулатбаева

Темір аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

42. Ғазиз Займолдаұлы Займолдин

«Ойыл аграрлық колледжі» МК директоры.

43. Расбай Қылышбайұлы Есмұханов

Ойыл ауданы Сарбие селолық округінің әкімі.

44. Елена Павловна Юшкевич

Хромтау қаласы №2 орта мектебінің директоры,

Хромтау аудандық мәслихатының депутаты.

45. Равиль Рафкатұлы Туюшев

Шалқар қаласы №5 орта мектебінің директоры.

**** ***

Елбасының саясатын  қолдаймын

Бүгінде  Қазақстан  Еуропаның  төріне шықты. Әсіресе,  56  елдің басын қосқан  Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық ұйымы Саммитінің Астанада өтуі біз үшін  үлкен дәреже және мақтаныш.

Менің Алғаға  Қарақалпақстаннан қоныс аударғаныма біраз жылдың жүзі болды. Оған өкінбеймін.  Елбасының салиқалы саясаты арқасында  елімізде ынтымақ – бірлік  қалыптасты. Көршілес Қырғызстан, Тәжікстан, Кавказ елдерінде орын алып отырған  алауыздықтардан, қақтығыстардан аулақпыз. Еліміз – аман, жұртымыз – тыныш, балаларымыздың ұйқысы бұзылған жоқ. Берекеміз кіріп,  ел тірлігінің  күннен-күнге ілгері басып келе жатқанын барлығымыз да байқап, көріп жүрміз.

Мұнда Президентіміз жүргізіп отырған  сарабдал саясатының  ықпалы зор екенін  қазақстандықтардың бәрі мойындап отыр. Шығыс Қазақстанда бастамашыл  топтың жиын өткізіп, Елбасының Президенттік өкілеттігін созу үшін бүкілхалықтық  референдум өткізу қажеттігін мәселе етіп көтергенін толық қолдаймын. Бүгінгі күні Елбасына тең балама жоқ деп ойлаймын. Мұны барша қазақстандықтар қолдайтынына сенімдімін.

Шектібай  ӘЛЕНОВ,

Алға қалалық округі әкімшілігінің бас маманы.

***

Берекелі бірліктің жемісі жалғаса берсін…

Өскеменде өткен форумның бастамасын сол күні-ақ теледидардан көріп, қуаттағандардың бірімін. Жиырма жасқа қадам басқан жас мемлекеттің табысы бүгінгі күні талай елдің таңдайын қақтырып отыр. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тынымсыз, ерен еңбегінің арқасы екеніне де ешкімнің дауы жоқ. Кеңес Одағынан еншісін алған елдердің ішінде «бейбітшілік аралы» атанған Қазақстандағы баянды тұрақтылық сол табыстың бастауы. Өйткені халқымыз «бірлік бар жерде, тірлік бар» деп тегін айтқан жоқ. Қандай ауыр кезеңді бастан өткізсек те, «өткелде ат ауыстырған жоқпыз». Көреген басшы, сарабдал саясаткер, кемел келешекке көз жіберген Нұрсұлтан Әбішұлының бастаған идеясын толық аяқтауға қабілеті де, қуаты да жетеді. Өйткені Өскемен форумы халықтың көкейіндегі ойын дөп басты. Сондықтан, ойылдықтардың да бұл бастаманы қуана қолдайтынына еш күмәнім жоқ.

Бақытжан ӘЛЖАНОВ,

зейнеткер,

Ойыл селосы.

***

Жүрекке жол табар таңдау

ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекіткен облыс бойынша бастамашыл топтың мүшесі Зәпен Жұмабаева аудан тұрғындарымен кездесті. Ол еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту мақсатындағы бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі республикалық бастамашыл топтың ұсынысын жеткізді.

— Замананың саналуан сынынан аман алып шыққан, биіктен-биікке бастап келе жатқан, елі сүйген, елін сүйген Елбасының қазақ халқы алдында еңбегі ұшан-теңіз, — деді З.Жұмабаева. — Бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі республикалық бастамашыл топтың ұсынысын өте дұрыс бастама деп санап, оны қолдауға шақырамын.

Шығыс Қазақстан облысының бастамашыл тобы ұйымдастырған жиынға делегат болып қатысқан №5 Шалқар орта мектебінің директоры Равиль Туюшев шығыста бар қазақтың жүрегіне жол табатын ел таңдауының жасалғанын айтты. Өскемен жеріндегі белгілі тұлғалардың халқымызға атақ пен абырой әперген, ұлты үшін туған ұлы қайраткер Нұрсұлтан Әбішұлының елге сіңірген зор еңбегі туралы айтқан жылы сөздерін жеткізді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбай Әділбаев жиналған тұрғындарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топтың Үндеуін бірауыздан қолдауға шақырды.

«Нұр Отан» ХДП Шалқар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлсара Сейітова «Нұр Отан» партиясы бұл бастаманы бірауыздан қолдайтынын айта келіп, партия мүшелерін өз қолдарын беруге шақырды.

Қыдырәлі ӘЛИН,

Шалқар қаласы.

***

Кәсібімнен қолдау табамын…

Станислав КИМ,

«Са-Нұр» ЖШС атқарушы директоры. Қобда ауданы.

— Мен Қазақстанда тұратын  кәріс ұлтының өкілі ретінде де, кәсіппен айналысып жүрген тұлға ретінде де Президент өкілеттігінің мүмкіндігінше ұзартылуын қалаған болар едім. Біріншіден, бізге, өзге ұлт өкілдеріне Қазақстан тәуелсіздік алған 19 жылдың ішінде ұлттық немесе діни мәні бар қысым көрсетілген емес. Біз, қазақтармен бірге еңбек етіп, бірге той тойлап, өмір кешіп келеміз. Осы елде тұратын бірде-бір кәрістің қазаққа ренжіген кезін көрмедім. Ол, әрине, Елбасының ұстанған саяси көзқарасының арқасындағы татулық пен береке-бірліктің нәтижесі.

Ал осы тұрғыдан алып қарағанда Ресей әлдеқайда артта қалды. Олардағы ұлтаралық мәселе күннен-күнге қиындап барады, астанасында болған күні кешегі қақтығысты да саясаткерлер ұлттық мүддені қолдайтындардың теріс әрекетінен туындады деп бағалап отыр. Мен сияқты азиатқа Мәскеудің көшесінде емін-еркін жүру өте қауіпті. Ал Қазақстанның әр қаласынан өзінің ісін ашып, бизнесін  өркендетіп тұрған кез келген ұлттың өкілін кезіктіресің.

Екіншіден, бизнестің, кәсіпкерліктің саласында жүргендер Президент өкілеттігінің ұзартылғанын құба-құп қолдайды. Себебі, саяси тұрақтылық бар жерде ғана бизнес шарықтайды. Ал қырғыздардағыдай қоғамдық тартыс-талас болып жатқан жерге қандай кәсіпкер ақшасын салады? Салған ақшаның қайтарымы болуы үшін де елде тұрақтылық болуы керек. Сондықтан, мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігінде ұзағырақ отырғанын қалаймын.

***

Қазақстан ұлы державаға айналды

Марс ШЫНТАСОВ, Шәмші Қалдыаяқов ауылының  ардагерлер

кеңесінің төрағасы.

Қарғалы ауданы.

— Тәуелсіздігіміздің жиырма жылын ой елегінен өткізсек, бұл уақыттың халқымыздың тағдырын шешуде маңызды шешімдер қабылданып, тарихи төңкерістер кезеңі болғанын айтуға болады. Осы жылдар ішінде Қазақстан бүтіндей бір империяның кішкентай бір бөлшегінен ұлы державаға айналды.

Бүгінде әлемнің дамыған елдерімен иық түйістіретін дәрежеге жетуіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ынта-жігері, күш-қуатының арқасы деп білуіміз керек. Қазақстан  өз тарихында тұңғыш рет өзінің мемлекеттік шекарасын заңды түрде бекітті. Енді өз ұрпағымызды көрші елдермен жер үшін жанжалдасу сияқты келеңсіз жағдайлар алаңдатпайтын болды.

Осы жылдарда өткізілген экономикалық жаңғыртулар Қазақстанды әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттері қатарына қосты. Әлемдегі ең ірі, ең беделді ұйымға төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізу де Қазақстанның абырой, беделін одан әрі асқақтата түсті. Мұның өзі еліміз үшін, Елбасымыз үшін баға жетпес зор жетістік. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның таңданарлық жетістігі «Назарбаев феноменімен» тікелей байланысты. Сондықтан да еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы бастаманы өз басым қолдаймын.

***

Пошта саласы өрлеу үстінде

Нағима БАЯУБАЕВА,

Ырғыз аудандық пошта торабының нұсқаушысы.

— Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейінгі ұзарту жөніндегі бастаманы қолдаймын. Себебі, бүгінгі күні әлемнің алпауыт елдері қызығы да қызғана қарайтын біздің еліміздің осындай дәрежеге жетуі Елбасымыздың ерен еңбегі мен салиқалы саясатының нәтижесі.

Мен өзім пошта саласында қырық жылға жуық уақыт аралығында еңбек етіп келемін. Осы жылдар аралығында пошта саласы небір-небір қиындықтарды басынан өткерді. Қазіргі күні мұның бәрі ұмыт болды. Дамудың неше түрлі сатысынан өткен пошта саласы қазіргі күні заман талабына сай өрлеу үстінде. Сонымен қатар ел экономикасының өркендеуі нәтижесінде біздің ауданымызда да әлеуметтік нысандар көбейіп, халқымыздың әл-ауқаты артып келеді. Тұрмысымыз түзеліп, жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, әлі де атқарылар жұмыстар жетерлік. Елбасымыздың тынымсыз еңбегі алда да талай асуларды бағындырары сөзсіз. Демек, қазақ елінің кез келген азаматы аянбай еңбек етіп, Елбасымен бірге болашақты бағындырары анық.

***

Ауылдықтардың әл-ауқаты артты

А.БАҚАЕВ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Темір ауданы.

— Ел, халқының бейбіт күн кешіп, тыныш өмір сүруі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасы деп білеміз. Себебі, егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздігімізді алған жылдардан бері ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түсті. Атап айтсақ, соңғы бір жарым жыл ішінде ауданда 10 балабақша, 4 мектептен тыс мекеме салынып, халық игілігіне берілді. Сондай-ақ  ауданымызда облыстық деңгейде жарыстар өткізуге болатандай етіп салынған бірқатар спорттық кешендер де бой көтерді. Атап айтсақ, жасанды шөп төсеніші бар стадион, үлкен теннис корды бүгінгі жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып отыр. Соңғы жылдары ауданымызда жекенің қолына өткен бірқатар мәдени нысандар мемлекет меншігіне қайтарылып, заман талабына сай жабдықталып, ел игілігіне берілді. Жаңадан мәдениет үйлері бой көтерді. Бұл жетістіктердің барлығы ел экономикасының күн сайын қарыштап дамуының белгісі. Елдің дамуындағы мұндай жетістіктерді Елбасынан айырып елестету мүмкін емес. Сондықтан да Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы ұсыныс халықтың саналы қадамы деп ойлаймын.

***

Жаңа бастама — экономиканың табысты дамуының негізі

Бауыржан ЕРДАУЫЛҰЛЫ,

Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.

— Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін ұзарту туралы бастамашыл топтың ұсынысы өте құптарлық іс деп ойлаймын. Бұл шешім қол жеткен жетістіктерімізді одан әрі дамыту, нығайту, жаңа бастамаларға жол ашу болып табылмақ. Ең қиын уақыттарда біздің Президентіміз мемлекеттің тағдыры алдындағы жауапкершілікті өте терең түйсікпен сезіне білді.  Көптеген қиын кезеңдерді Елбасымен бірге жеңіп шықтық. Алда әлі талай асу бар. Сондықтан елді көреген көшбасшының басқаруы керек-ақ.

Жұмыссыздық мәселесінің шешілуі, экономикалық, әлеуметтік жағдайымыздың күннен-күнге жақсаруы елімізде жүргізіліп жатқан салиқалы саясаттың арқасы. Қазақстан халқы үшін өз кезегінде референдумның өтуі — мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық табысты дамуының негізі. Қазақстан халқы ғана емес, әлемдік қоғамдастықтардың өзі тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президентінің сарабдал саясатын мойындап отыр. Сондықтан біз де референдумды қолдаймыз!

Өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданда 13 әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттың күрделі жөндеу көргені өз алдына, қаншама азаматтар жұмысқа тартылды. Сол сияқты,  аудан орталығында ауыз су құбыры жөнделді. Ал ауданды газдандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 3 миллиард теңгеден асады. Бұның барлығы елдің әлеуетін жақсарту үшін жасалып жатқан игі қадамдар.  Аудан халқы өзінің көшбасшысын бірауыздан қолдайды деп ойлаймын.

****

Мәртөктіктер бірауыздан қолдайды

Нұргүл ҚҰРАМЫСОВА,

Мәртөк аудандық «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы филиалы  төрағасының орынбасары

— Менің ойымша, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығын 2020 жылға дейін ұзарту өте дұрыс шешім. Себебі тарих жылнамасына көз тіксек, еліміз сан ғасырлар бойы жете алмаған жетістікке жетті. Көптеген белестерді бағындырып, халықтың жағдайының мейлінше жақсаруына үлес қосты.

Қазір «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы да бұл іске өте ыждағаттылықпен атсалысуда. Мәртөк ауданының халқы Елбасын бір ауыздан қолдап, дауыс бергені біз үшін үлкен мәртебе. Себебі 1990 жылдардағы қысылтаяң шақтарды көріп өскен ұрпақ, бүгінгі гүлзарланған Қазақстанның жетістіктерін Елбасымен тығыз байланыстырады. Оны тіпті бүкіл елді бір арнаға тоғыстырып, әр баласын ақылымен еңбекке жетелеген елдің әкесіндей болды десе де артық айтқандық емес болар. Сондықтан да, халық өзінің бүгінгі басшысына шексіз сенеді. Осыдан жиырма жыл бұрын біз өз елімізде еуразиялық диалог пен ынтымақтастықтың бастауы болар, барша қазақстандықтардың табысына айналар ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететіндігіміз бен Астана Саммитін өткізетіндігімізді білген де жоқпыз. Жоқшылықтан тоқшылыққа халқын сүйреген Елбасына сенім артқан халықтың да тыныштық пен бірлік үшін дауыс беруі өте орынды деп түсінемін. «Нұр Отан» партиясы әрбір қазақстандықтың ойы мен қажеттілігін жалпы арнаға тоғыстыру мақсатында әлі де көптеген істерге мұрындық болмақ.

***

Талдысайлықтардың түйінді шешімі

Шернияз БАЙМҰҚАШЕВ,

Талдысай орта мектебінің директоры. Қобда ауданы.

— Желтоқсанның 23 күні Өскемен қаласында қазақтың болашағын ойлаған жұрт жиналып, Елбасы Н. Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөнінде пікірлерін   ұсынды. 320 адамнан құралған ынталы топ  жұмыс істегенін, онда қатысқан 850 адамның бәрі бірауыздан Елбасының саяси өкілеттігін референдум арқылы ұзарту керектігін жария етті. Осы ұсынысты біздің ауылдың тұрғындары да бірауыздан қолдап отыр.

Назарбаев билігінің қазақ үшін тарихта болып көрмеген белеске айналғаны мәлім. Кешегі Астана Саммиті оның шарықтау шегі болды. Қазір қазақ елі әлемді өзіне қаратып отыр. Егер, Назарбаев билігі сайлаусыз ұзартылатын болса, ол өзі діттеген көптеген бағдарламаларды жүзеге асыруға  бел шешіп кіріседі.

Биыл біздің ауылда екі қабатты жаңа мектеп ғимараты тұрғызылды. Оқу жылының басынан бастап әлемдік «Бейбітшілік корпусы» ұйымы арқылы Америкадан оқушыларға ағылшын тілін оқытатын волонтер-мұғалім алғыздық. Мектебіміз соңғы технологиямен, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Өткен оқу жылында төрт «Алтын белгі» иегерін бергеніміз кішкентай ауылдың мектебі үшін зор мақтаныш еді. Қазір ол түлектеріміз Астана төріндегі беделді оқу орындарында грант негізінде оқып жатыр.

Осы жетістіктердің бәрі де тәуелсіздіктің жемісі десек те 20 жыл бұрын тәуелсіздік алған посткеңестік елдер үшін біздің еліміз жеткен белес арман ғана болып қалуда. Яғни, бұл дегеніміз — тәуелсіз елдің ғасырларға татитын 20 жылдық жолы үшін жауапты болған Назарбаевтың тікелей еңбегі. Егер, билік басында Нұрсұлтан Назарбаев әлі де 10-20 жыл отыратын болса, Сингапур мен Түркияның жүріп өткен жолындай әлемдік деңгейде дамыған үлкен мемлекетке айналарымыз сөзсіз.

***

Ел таңдауы – бір тілек

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту мақсатындағы бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастама Шалқар өңірінде кеңінен қолдау тапты.

Шалқар қаласындағы №5 орта мектептің директоры Равиль Туюшев Шығыс Қазақстан облысында өткен алқалы жиынға қатысып қайтқан еді. Ол сапардан оралысымен жұртшылықпен кездесіп, келешек мүдесіне жасалған ізгі қадамның мәні мен мағынасын, жүздесуден алған әсерлерін кеңінен бөлісті.

Аудан тұрғындары Елбасымыздың сара саясаты нәтижесінде көптеген игіліктер жүзеге асып жатқанын жақсы біледі. Мәселен, біздің ауданның өзінің жыл соңында бір мезетте жеті нысан ашылды. Олардың қатарында Сарысай, Қарашоқат елді мекендеріндегі балабақшаларды, Шалқар қаласындағы Қазанғап атындағы саз мектебі ғимаратын, тіс емханасын, мал сою цехын, «Сұңқар» сауда үйін атауға болады.

Мұның бәрі кәсіпкерлікті қолдау, нақты көмек көрсету нәтижесінде өрістеген істер екені анық.

Жақында ғана Президентіміз ақ жол тілеген Ақтөбе облысындағы екі ірі жобаның біреуі – Шалқарға тиесілі. Құны 500 млрд. теңге болатын «Бейнеу – Бозой – Қызылорда – Шымкент» арналы газ құбырының құрылысы өзіміздің Бозой жерінен бастау алмақшы. Ұзындығы 1475 шақырымға созылатын газ құбыры құрылысында 3500 адам жұмыс істемекші. Міне, осындай шаруалар қолға алынып жатқанда шалғайдағы өңірдің өзінде жұмыссыздық, басқа да келеңсіз жағдайлар туралы қандай әңгіме айтуға болады?

Біз кешегіден бүгіні өркендеген, ертеңі одан да көркем болатын елдің перзенттеріміз. Ал соның көшбасында Нұрсұлтан Назарбаев сынды әлем таныған ірі тұлға тұруы жүрегімізге мақтаныш сезімін тудырады. Ендеше ел таңдауы бір тілекке тоғысуы да заңдылық деп білеміз.

Серікбай ТӨЛЕМІСОВ,

Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы.

Бетті әзірлеген Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button