200 көшет егілді

Қобдада аудан бойынша көктемгі тал егу маусымы басталды. Жұма күні аудан әкімі Болат Құлов бастаған топ 200 түп қарағай мен алма ағашының көшеттерін екті.
Аудан әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, қобдалықтар қар кетісімен тазалық жұмыстарына белсене кіріскен. Орталық саябақтар мен скверлерде сенбілік жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар да өз аулаларын қоқыстан тазартып жатыр.
Өткен жылы жеміс ағаштарын егуді қолға алған Батырлар өлкесінің тұрғындары, аталған үрдісті биыл да жалғастыруды жөн көрген. Аудан тұрғындары жаппай жеміс ағаштарын егуде. Бұл іске шаруа қожалықтары да бір кісідей атсалысып жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы аудан бойынша Қобда ауылының дендрологиялық жоспарын әзірлеу үшін бюджеттен 1 992,8 мың теңге қаржы бөлінген еді. Қобдалықтар аудан аумағында 7500-ге жуық ағаш екті, ал биыл 10 000 түп ағаш егілмек.
Аудан бойынша жасыл аймақ құру мақсатында 20 гектар жерге тал егу жоспарланған.
Ақерке САТЫБАЛДЫ.



