Жаңалықтар

Нұрбол Ержанов — Алға ауданының әкімі

Тағайындау

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Алға ауданының әкімі болып Нұрбол Ержанов тағайындалды.

Нұрбол Ержанов — Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының, М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы «КазПромСтройГрупп» ЖШС-ның менеджері болып бастаған.

Әр жылдары жеке кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы көлік прокурорының көмекшісі, «Новая Эра» ЖШС-ның директоры, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында бас маман, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының әкімі болды.

2018 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button