Жаңалықтар

Азамат Бекет — Хромтау ауданының әкімі

ҚР Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Хромтау ауданының әкімі болып Азамат Бекет тағайындалды.
Ол — Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен экономика және құқық академиясының түлегі.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы, Астана қалаларының, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде еңбек етіп, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларын, Атырау облысының Жылыой ауданын басқарды.
2020 жылдың қыркүйек айынан бері Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button