Жаңалықтар

Жеке үй жанып кетті

Тілсіз жау

Ақтөбе қаласында жеке үйден өрт шықты. Оқиға салдарынан 1939 жылы туған ер адам қайтыс болды.

19 ақпан күні жергілікті сағат 9.25 шамасында өрт сөндіру бөліміне Ақтөбе қаласының Заречный-4 елді мекеніндегі Жиембет жырау көшесі бойында орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Шақырту орнына төтенше жағдайлар департаментінен 33 адам және 9 бірлік техника дереу жіберілген.

Ресми мәліметке сүйенсек, өрт сөндірушілер келгенде, қабырғалары ағаштан салынған мансард үйдің түгелдей отқа оранғаны анықталыпты. Жалпы ауданы 220 шаршы метр болатын өрт сағат 10.21-де сөндірілген.

Өрттің салдарынан үйдің шатыры мен қабырғалары құлаған. Қираған үйдің конструкциясын талдау барысында,үйінді астынан 1939 жылы туған үй иесінің денесі табылып, марқұмның туысына психологиялық көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта болған жайды анықтау үшін зерттеу жұмыстары тағайындалды.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button