Жаңалықтар

Суретші балалар байқауға қатыса алады

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 7-12 жас аралығындағы балалар арасында «Азаттық — балалар көзімен» атты сурет байқауын жариялады.

Бұл жөнінде аталмыш ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Әр қатысушы байқауға бір ғана сурет жібере алады және оның мазмұны байқаудың тақырыбына сай болуы керек.

Байқауға А4 өлшемімен салынған суреттің түпнұсқасы немесе JPEG форматында сканерден өткен суреттер қабылданады. Қатысушының аты-жөні, мектебі мен сыныбы, тұрғылықты мекені (қала немесе ауыл аты) суреттің оң жағындағы төменгі бұрышына жазылады.

Байқауға қатысу үшін баланың жұмысы 2021 жылдың 23 мамырына дейін aqparat-qogam@mail.ru электронды мекенжайына жіберіліп, автордың аты-жөні, туған жылы, облысы, ауданы, қаласы, ауылы және байланыс телефоны көрсетілуі қажет. Ал суреттердің түпнұсқасы: Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Қарасаз көшесi, 3 (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі) мекенжайына жіберіледі.

Байқау жеңімпаздары 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында анықталмақ.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button