Жаңалықтар

Жолда абай болайық!

Қаңтар айында облыс жолдарында 38 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 55 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Жол сақшыларының айтуынша, көп жағдайда ұқыпсыздық, жол ережелерін сақтамау, қауіпсіздікке жауапсыз қарау секілді жайттар апатқа әкеледі екен. Мәселен, бір ай ішінде облыстың полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 28492 фактісін анықтады.

— Жүргізушілердің ең үлкен қателігі —  жылдамдық режимін бұзу, әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жылдамдықты арттыру салдарынан болады. Жыл басынан бері жылдамдықты асырғаны үшін 608 жүргізуші жазаланды. Жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу  да өте қауіпті. Мұндай ереже бұзғаны үшін 42 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ал ішімдік ішіп, көлік тізгініне отырған 17639 жүргізуші ұсталды, —  деді облыстық полиция департаменті Атығай Арыстанов.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілерді жолдарда аса мұқият болуға, күрделі жол жағдайларында басып озбауға қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықпауға, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендетіп, қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге артықшылық беру керек.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button