Жаңалықтар

Кәсіпорын ұжымымен кездесті

«Ақ жол» партиясының атынан Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына үміткерлер Павлодар өңіріндегі «Жаңа Роса» алкогольсіз сусындар өндіру цехының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Партияның сайлауалды бағдарламасы 6 негізгі бағыттан тұрады және әлеуметтік саланың, бизнесті қолдаудың, демократияны дамытудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең өзекті мәселелерін қамтиды. Мысалы, біз ай сайын жалақыдан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына аударымдар жасаймыз. Бірақ қаражатты пайдалану кезінде түрлі мәселелер туындайды. «Ақ жол» партиясы азаматтардың зейнетақы жинақтарын екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде өз шоттарында сақтау жолын қолдайды. Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорының жұмысын да нақты салымшыларға байланыстырған жөн. Әрбір азаматтың қорда өз жеке шоты болуы керек, — деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Фуат Сатыбаев.

Миниралды су және алкогольсіз сусындар өндірісі цехының басшысы Сергей Бабошконың айтуынша, «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға көп көңіл бөлінген.

akzhol.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button