Жаңалықтар

Бағдарлама бағыттары түсіндірілді

«ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің жұмыс сапары Шығыс Қазақстан облысында жалғасты.
Шығыс Қазақстан облысының Приречное ауылында үміткер Алмасбек Садырбаев «Агрофирма «Приречное» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ол партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді және кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады.
Кездесуге қатысушыларды, әсіресе, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламаның міндеттері қызықтырды.
Кәсіпорын ұжымы бизнестің дамуын жеңілдететін жаңа жағдайлар жасауды ұсынды. Алмасбек Садырбаев: «Бизнесті қолдау арқылы біз ұлттық экономиканың дамуына үлес қосамыз. Партия кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шараларын енгізуді қолдайды. Атап айтқанда, біз 2025 жылға дейін салықты арттыруға мораторий жариялауды ұсынамыз. Бағдарламада ауылшаруашылық техникасын лизингке алу шаралары 6 пайызбен көрсетілді», — деді.
Оның айтуынша, бағдарламада фермерлерді жылдық үстемеақысы 2 пайызбен шағын несие беру арқылы қолдау қажеттігі де атап көрсетілген.

 «ADAL» партиясының facebook парақшасынан алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button