Жаңалықтар

Еңбек жағдайларының жақсарғанын қалайды

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Нұр-Сұлтан қаласында электр-техникалық зауытқа барды.

Спикерлер партия бағдарламасын түсіндіріп, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбеккерлердің құқықтарын қорғау және қолдау жөніндегі негізгі тармақтар мен тезистерге назар аударды.

Қазақстан Халық партиясының басшысы Айқын Қоңыров теледебаттар кезінде экономикалық реформалар, Қазақстанда халық экономикасын құру қажеттігіне назар аударды. Біз елдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдай шенеуніктер айтқаннан әлдеқайда басқа екенін жақсы білеміз. Әзірге бізде квазимемлекеттік, трансұлттық компаниялар басым. Ал экономиканың нақты секторы дамымай отыр, — деді депутаттыққа кандидат Жамбыл Ахметбеков.

ҚХП мүшелері мемлекет экономиканы дамытудың жаңа моделін қабылдауға тиіс деп санайды.

Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-да еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді. Іс-шара ҚХП сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында өтті.

qhp.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button