Жаңалықтар

«Ауылдықтар» жылыжай кешенінде болды

«Ауыл» партиясы атынан Парламент Мәжілісіне және Алматы облысының облыстық және аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарынан құралған үгіт-насихат тобы «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Шелек фермерлері» кооперативінің жылыжай кешеніне барды.

«Ауыл» партиясының деректері бойынш соңғы жылдары жабық топырақтағы көкөніс өндіруде оң үрдістер байқалады. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасының қолданысы есебінен елімізде заманауи жылыжайлар саны өсуде, органикалық өнім көлемі ұлғаюда. Сонымен қатар қарқынды көкөніс өсіру нысандарының құрылуына байланысты фермерлер жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін заманауи технологияларға көшеді.

Қазіргі уақытта «Шелек фермерлері» кооперативінің өнімдері Алматы қаласының сауда желілеріне жеткізілуде.

«Шелек фермерлері» кооперативінде түсіндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін үгіт-насихат тобы Қапшағай қаласының 15 жол-пайдалану учаскесінің еңбек ұжымымен кездесуге аттанды. Онда кандидаттар сайлауалды тұғырнамада әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалар туралы айтты.

auyl.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button