Жаңалықтар

10 адам індет жұқтырды

5 қаңтар күні облыста коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелді. Науқастың бесеуінде ауру белгісі байқалған. Індет жұқтырғандардың жетеуі Ақтөбе қаласынан болса, біреуі Мәртөк, екеуі Қарғалы аудандарының тұрғындары. Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі — 0,3%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3721 адам  тіркелді, оның 49,6%-ы ауру белгілерімен  және  50,3%-ы симптомсыз  жағдай. 3684 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2647 адам ауырса,  Әйтеке би — 21, Алға — 102,  Байғанин — 58, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 59, Мәртөк — 133, Мұғалжар — 177, Темір — 191, Ойыл — 21, Хромтау — 130, Шалқар ауданында 114 адам вирус жұқтырған.

Жалпы тіркелген 3676  науқастың 3,6%-ы сырттан келген.  554 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 1033. Қазіргі таңда үй карантиніне 175 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап жүруді ескертеді. Қоғамдық көлікке мінгенде және адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағып, антисептикалық сұйықтық пайдаланған жөн.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button