Жаңалықтар

Анықтама болмаса екі күн оқшауланады

Тікелей желі

2 қазан күні ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты. Осыған байланысты шетелден келген  қазақстандықтар егер ПТР-тест болмаған жағдайда екі  тәулікке стационарға жатқызылады. Ел аумағына авиарейстермен келетін барлық азаматтар термометриядан, сауалнамадан өтеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады. Егер сырттан келген ҚР азаматтарында анықтама болмаса, екі тәулікке оқшауланады. Бұл жерде  ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық сынама алынады.

Әлеуметтік желіде өткен тікелей эфирде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева қаулының тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ облыстағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Облыста барлығы 3252 адам індет жұқтырған. Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда облыстың емдеу мекемелері науқастарды қабылдауға дайын. Мәселен, Әлімбет шекара бекеттерінде 40 орындық стационар ашылса, Жайсаңда 100 орындық стационар  ашылып жатыр. Ақтөбеде медицина университетің жатақханасы сақадай сай тұр. Қазіргі күні 68 адам оқшауланған. Нұрсұлу Беркімбаева тұрғындарды санитарлық талапты сақтап жүруге шақырды. Сондай-ақ сұрақтарға жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button