Жаңалықтар

Сегіз көше жөнделіп жатыр

Аудан

Шалқар қаласындағы негізгі мәселе — жол. Тозығы жеткен жолдардан халық әбден шаршаған болатын. Соңғы жылдары ғана көше жолдарын жөндеуге қаржы бөліне бастады. 

Шалқар қаласының әкімі Тұрлан Төлегеновтің айтуынша,  соңғы бес-алты жылдықта 40 көше жөнделген. Жалпы орталықта 165 көше бар. Биыл сегіз көше жөндеуден өтеді. Қазір төртеуінің құрылысы аяқталған.

Сегіз көшенің құрылысына бір миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қаланың вокзал маңы, Жангелдин қалашығы ауданындағы көшелер жөнделіп жатыр. Жол құрылысы қомақты қаржыны талап ететін болғандықтан барлық көшені аз уақытта бітіру мүмкін емес. Жыл сайын бес көшені асфальттауға қаржы бөлініп отыр. Осының өзі үлкен жетістік. Келер жылы жиырма көшені жөндеу үшін жобалық құжат жасауға өтініш бердік. Осылайша біртіндеп қала көшелерінің барлығын жаңалауға күш салып жатырмыз, — дейді қала әкімі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында құрылыс жұмысына 54 адам тартылған.  Жұмысшылардың барлығы уақытында еңбекақыларын алған.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button