Жаңалықтар

Тазалық күні өтті

Акция

Жыл сайын 19 қыркүйек күні бүкіл әлемде «World cleanup Day» акциясы өтеді. Мұғалжарлықтар аталған экологиялық қозғалысқа биыл белсене қатысты.
Акцияға қатысушылар қала көшелері мен қоғамдық орындарды қоқыстардан тазартуға өз үлестерін қосты. Қоршаған ортаны тазартуға арналған шара аудан орталығында ғана емес, қалалық және ауылдық округтерде де жалғасын тапты.⠀
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Birge — taza Qazaqstan» акциясын қоғамда экология құндылықтарын қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде өткізу қажеттігін атап өткен болатын. ⠀
Таңертеңгі уақыттың салқынына қарамастан, ауданымыздың тазалығын сақтауға атсалысқан жерлестерімізге алғысымызды білдіреміз.⠀
Қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

 Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button