Жаңалықтар

Ырғыздықтар сенбілікке шықты

Акция

Өткен аптада «World clean up day» бүкіләлемдік акциясы аясында аудан тұрғындары мен жастар сенбілік ұйымдастырды.

Акция барысында аудан аумағындағы өзен-көл жағалаулары, ауыл көшелері мен жолдар тазаланды. Тазалық акциясына аудан тұрғындары мен ерікті жастар атсалысып, белсенділік танытты.

Айта кету керек, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде «World clean up day» акциясы өтеді. Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Өткен жылы бұл акцияға әлемдегі 169 елдің тұрғындары қатысқан.

Биыл аталған акция Қазақстанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button