Жаңалықтар

Кездесу өтті

Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалынан «PRIMARIES-2020» партияның ішкі сайлауына қатысушы, математика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Кенжебаев «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында үміткер мен жұртшылық арасында ашық әңгіме өрбіді. Бүгінгі күннің маңызды мәселелері кеңінен талқыланды.

Үміткер жиналғандарды өзінің кандидаттық сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бұл ретте жастарға білім беру, мамандық таңдау, ғылымды игеру жөніндегі ойларын ортаға салды.

Бағдарламада білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу, жаңа модификациялы кабинеттермен, компьютерлік техникамен және интерактивті жабдықтармен жарақтандыру,  цифрлық технологиялар мен виртуалды оқытуды жүйелі енгізу жайы кеңінен қамтылған.

Үміткер білім беру орындарында «Цифрлық мектеп» бағдарламасын енгізуге қатысты бастама көтеріп жүргенін айтып, оның тиімділігіне қатысты нақты мысалдар мен деректер келтірді.

Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған бірқатар мәселелер бойынша сұрақтар қойып, нақты жауабын алды.

 Н.ДАБЫЛОВ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button