Жаңалықтар

Құрбан айт мерекесі күндері мал базарларының жұмыс істеуіне тыйым салынады

Құрметті облыс тұрғындары!

Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Құрбан айт мерекесі күндері — 31 шілде-2 тамыз аралығында мал базарларының жұмыс істеуіне тыйым салынады.

2020 жылғы 28, 29, 30 шілде күндері малды сатуға және сатып алуға рұқсат етіледі.

31 шілде-2 тамыз аралығында облыс аудандарынан Ақтөбе қаласына малды сату үшін шектеу қойылады.

Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктері мал сою орындарын анықтайды және ол жерде құрбандық шалу рәсімдерін онлайн форматта ұйымдастырады.

Малды құрбандыққа шалу рәсімі ветеринарлық сертификат болған жағдайда жабық режимде, тек тапсырыс беру және жеткізіп беру арқылы, келушілерсіз жүргізіледі.

Құрбан айт мерекесі күндері бұқаралық, мерекелік, соның ішінде адамдар көп жиналып, үйде өткізетін шараларға тыйым салынады.

Құрметті ақтөбеліктер!

 Құрбан айт — қайырымдылықтың, түсіністік пен құрметтің мерекесі.

Бұл күндері Сізге карантин режимін және жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды, шыдамдылық пен өзара сыйластық танытуды сұраймыз!

Құрбан айт қабыл болсын!

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button