Жаңалықтар

Армениядан әкелінген 606 көлік тіркелді

1 маусымнан бастап Үкімет қаулысына сәйкес, ел азаматтарының атына Қазақстан Республикасы аумағына Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көліктерді тіркеу басталды.

— Көлік құралдарын тіркеу үшін көлік иелері жеке басын куәландыратын құжат, алым мен баждарды төлеу туралы құжаттар, көлікті тіркеу туралы куәлік және Армения Республикасының уәкілетті органында берілген мемлекеттік тіркеу нөмірін ұсынуы қажет. Сондай-ақ құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариуспен расталуы тиіс, — дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Әлимағамбетов.

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу ережелерін түсіндіру үшін полиция департаментінде Call-орталығы жұмыс істейді, яғни  525-100 телефоны бойынша қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Осы уақытқа дейін 1,6 мыңнан астам адам кеңес алған. Армения Республикасынан әкелінген 606 көлік тіркелген.

 К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button