Жаңалықтар

Самат Данияров — облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аппарат отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының  жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Самат Данияров тағайындалды.

Ол Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облыстық ауруханасында қызмет етуден бастаған. Әртүрлі жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында инспектор, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымдарын атқарды.

2017 жылдан бастап отбасылық медицина орталығының бас дәрігері қызметінде болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button