Жаңалықтар

Армениядан әкелінген 410 көлік тіркелді

Үкімет қаулысына сәйкес елде биылғы 1 маусымнан бастап ел аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген Қазақстан азаматтарының атына тіркелген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталғаны белгілі.

  • Көлік құралдарын тіркеу үшін көлік иелері жеке басын куәландыратын құжат, алым мен баж салығын төлеу туралы құжаттар, көлікті тіркеу туралы куәлікті және Армения Республикасының уәкілетті органында берілген мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін ұсынуы қажет. Сондай-ақ құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариус арқылы расталуы тиіс, — дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Әлимағамбетов.

Оның айтуынша, Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелерін түсіндіру үшін полиция департаментінде сall-орталығы жұмыс істейді, 52-51-00 телефоны бойынша қоңырау шалып, көлік құралын тіркеу жайында кеңес алуға болады. Көліктерді тіркеу уақытынан бастап бүгінге дейін 1,6 мыңнан астам азамат кеңес алып, Армениядан әкелінген 410 көлік есепке алынған.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button