Жаңалықтар

Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі

Жақыныңа жанашыр бол!

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері Шалқар аудандық Аналар кеңесінің мүшелері де өз жұмысын онлайн түрде жүргізіп келеді. Кеңес мүшелері қоғамда болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға өз пікірлерін білдіріп, ұлттық құндылықты жоғалтпай, салт-дәстүрімізге бейімдеп, отбасын тәрбиелеу жұмыстарымен айналысып, бала тәрбиесіне байланысты іс-шараларға белсене қатысуда.

Қайырымдылық — мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған республикалық «Bizbirgemiz» қайырымдылық акциясы аясында кеңес мүшелері мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Кеңес мүшесі З.Князова отбасымен жалғызбасты, үш баласы бар анаға 40 000 теңгеге азық-түлік, балаларына киімдер, теледидар және мұздатқыш алып берді. Сондай-ақ кеңес мүшелері 40 000 теңгеге 8 отбасына азық-түлік жиынтығын жеткізіп берді.

Жалпы төтенше жағдай кезінде барлығы 240 500 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Кеңес мүшелері 300-ге жуық медициналық бетперде тігіп, барлығы «Анаға тағзым» орталығына келушілерге, көпшілік орындардағы азаматтарға, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға тегін таратылды.

Кеңес мүшелері бірлесе отырып, мұндай қайырлы істерді атқара бермек.

 

                            Маржанкүл ҚАЛДАУҚЫЗЫ,

      Шалқар аудандық

аналар кеңесінің

төрайымы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button