Жаңалықтар

Балкондағы бала құтқарылды

Оқиға

Жуырда Ақтөбе қаласы «Батыс-2» ауданындағы үйлердің бірінде екі жасар бала балконға шығып, темірмен қоршалған темір тіректерінің арасына басын сұғып, кейін қарай шықпай қалған. Абырой болғанда, денесі әрі қарай сыймапты.

Оқиға күндіз жергілікті уақытпен сағат 10.30 шамасында болған. Баланы дер кезінде байқағанымен ата-анасы еш көмектесе алмапты. Амалсыздан өрт сөндіру қызметінің жедел-құқтарушы тобының көмегіне жүгінген. Мекенжайға шұғыл жеткен құтқару тобы арнайы құралдарымен темірді кесіп, бесінші қабатта тұрған баланы босатып алды. Үрейленіп қалған бала мен оның ата-анасына психологиялық көмек көрсетілді.

Өткен жылы екі бала терезеден құлап, бірі қайғылы жағдаймен аяқталған болатын. Биыл 5 жасар бала бесінші қабаттан құлап, орта дәрежелі жарақатпен  ауруханаға жеткізілді. Балалардың терезеден құлауы —бақылаусыз қалуынан. Көп қабатты үйде тұратындар баланы көзден таса етпеу керек.

С. ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button