Жаңалықтар

Қытайдан 24 мың экспресс-тест келді

Ақтөбеге Қытайдан 24 мың экспресс-тест келді. Қазіргі таңда қауіпті топқа жататын азаматтарды коронавирусқа тексеру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бұл тест көлемі бірінші кезең бойынша жеткілікті.

Қазір экспресстесттер емханаларға таратылып жатыр. Қауіпті топқа жататын қызметкерлер ақысыз тексеріледі. Оның ішінде коронавируспен күресіп жатқан мекеме мен әкімшілік қызметкерлері, жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері бар науқастар, блок-бекет арқылы шетелден және өзге аймақтардан оралған азаматтар бар. Ал ақылы түрдегі бағасының қанша болатыны әзірге анықталған жоқ. Қазір бағаны бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы экспресс-тест емханаларда жасалады. Бұл жерде кімдердің тексерілетіні, яғни қауіпті топқа жататыны тіркеліп тұрады. Сондықтан тұрғындар тестті сұрап, іздеп барудың қажеті жоқ. Емхана мамандары өздері шақырады, —дейді басқарма басшысы.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button