Жаңалықтар

Ауылдарға интернет тартылып жатыр

«Қазақтелеком» АҚ филиалы — Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы облыс ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуды бастады. Бұл жоба ауылдардағы әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды заманауи телекоммуникация қызметтеріне қосуды көздейді.

2018-2020 жылдарға арналған «ТОБЖ технологиясын қолдана отырып, ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету» жобасы аясында 2018 жылы облыста 2 ауылда, өткен жылы 11 ауылдаталшықты-оптикалық желілер салынған, биыл 7 ауылда құрылыс жұмыстары жоспарланған.

  • Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 212 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы жоспарланған 7 ауылдық елді мекеннің екеуіне — Ойыл  ауданының Қараой мен Сарбие ауылдарына 57 шақырым магистральдық және тарату желілері тартылған. Бұл жұмыс белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарын, әсіресе қазіргі жағдайда, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттілігін түсінеміз. Біз жұмысты биыл тамыз айына дейін аяқтау үшін бар күшімізді саламыз. Айта кету керек, барлық қызметкерлер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, барлығына төтенше жағдай кезінде жұмыс орнында қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқау берілген. Тиісінше,  санитарлық қорғау талаптары барынша сақталған. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан елді мекендерде кедергісіз және уақтылы жүруге арналған қызметкерлердің тізімі келісіліп, электронды деректер базасына енгізілді, — дейді Ақтөбе жергілікті желілердің техникалық торабыдиректоры Ғалымжан Сүйімбаев.

Жалпы, бұл құрылыс біткеннен кейін 25 мемлекеттік мекеме жоғары жылдамдықты цифрлық қызметтерге ие болады, олар — ауылдық әкімдіктер, білім беру нысандары, денсаулық сақтау нысандары, Құмқұдық, Ақсай, Сарыкөл, Темір, Сарбие, Қараой, Жем ауылдарында орналасқан полиция пункттері.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button