Жаңалықтар

Зауыт дәрігерлерге көмек берді

Ақтөбе медициналық орталығының кіші қызметкерлеріне «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қаржылай көмек берді. Жиырма медбике мен санитарлардың және қабылдау бөлімі мамандарының  есепшотына елу мың теңге аударды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев көмек қолын созған демеушілерге алғысын айтты.

Төтенше жағдай кезінде еңбек етіп жүрген дәрігерлерге демеушілік танытып жатқандар көп. Шын мәнінде, біз бұндай көмек күткеніміз жоқ. Азаматтардың алаңдап, қолдау көрсетуі бізді қуантты. Өткенде «Актеп» серіктестігінің басшысы көмек берсе, бүгін зауыт қолдау танытып отыр. Барлығына дәрігерлердің атынан алғысымды айтамын. Қиындықты бірлесіп қана жеңеміз, — деді басқарма басшысы.

Медицина орталығының мамандары науқастарға шұғыл көмек көрсетіп, күні-түні тынбай еңбек етіп жүр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button